Жоба рефераты (абстракт)
Қазақстанның өзгешелігімен және бейнелілігімен ерекшеленетін көшпенді халқының түрлі ұрпақтарының бейнелеу өнеріндегі және материалдық мәдениетіндегізооморфты кейіпкерлердің, олардың жеке элементтерінің және көпбейнелі композициялардың абсолютті басым болуы қазақ халқының мәдени мұрасының өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Реңктердің бай семантикалық қатарының арқасында бұл бейнелер өңірдің дала көшпенділері үшін көптеген жүзжылдықтар бойы символикалық мәнге ие болды және номадтар оларды әлеуметтік-мәдени өмірінде де, қабілеттерімен өзге мәдениетті көршілерімен дипломатиялық алмасуда да пайдаланды.
Қазақ халқының этномәдени ерекшелігін барынша ашып, оны нақты белгілейтіндіктен, көшпенді өнердің жан-жануарлар феномендері өздерінің таңбалық функциясын қазіргі уақытта да сақтап келе жатыр.
Осыған байланысты, мағынасы бойынша неғұрлым мәнерлі және терең бейнелер мен сарындарды анықтау және осы символдарды елдің қазіргі заман өнерінде өзекті ету мақсатында, болашақ жобаның мазмұны көшпелі қазақтардың, олардың жақын және алыс ата-бабаларының сәндік-қолданбалы және жартасқа сурет салу өнеріндегіжан-жануарлар шығармаларының кешенді пәнаралық зерттеуінен тұрады.
Жүргізілген зерттеудің нақты нәтижелері Қазақстанның дала көшпенділерінің жан-жануарлар шығармаларының ғылыми-танымал Атласында және дизайншы мамандар мен суретшілердің шығармашылық жұмыстарында көшпенділер өнерінің сарыны бойынша біріккен ғылыми монография формасында жүзеге асырылады. Осы ғылыми нәтижелердің негізгі тұтынушылары гуманитарлық ғылымдар циклінің оқытушылары, ЖОО оқытушылары, елдің мәдениет және өнер қайраткерлері, шетел ғалымдары, мемлекеттік шенеуніктер мен дипломаттар болады.
Жоба мақсаты және міндеттері
Берілген ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан көшпенділер өнерінің жан-жануарлар объектілерін кешенді зерттеу, олардың ішінен түрлі дәуірлердің дала жан-жануарларына тән және қазақ халқының этномәдени ұқсастығының негізін құрайтын ең жарқын және көрнекі «брендтік» элементтерді бөліп көрсету және осы бейнелер мен сарындардың қазіргі заман өнерінде жаңадан жаңғыртылуын кешенді зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттарға келесі негізгі міндеттерді орындау арқылы жету жоспарлануда: Қазақстанның дала жан-жануарлар өнері бойынша арнайы әдебиеттің тереңдетілген талдауы және осы уақытқа дейін жиналған барлық ғылыми құжаттама; жартасқа сурет салу өнерінің таралуы аз зерттелген жерлерде және ұлттық және шетел мұражайларының қорында, кітапханалар мен мұражайларда эвристикалық жұмыстарды жүргізу; көшпенділердің сәндік-қолданбалы өнерінің белгісіз заттарын және/немесе олардың суреттері мен сипаттамаларын анықтау; зооморфты бейнелердің көшпенді қазақтармен түсіндірілу ерекшеліктерін көрсететін XVI – XX ғ.ғ. фольклорлық мәтіндердің, тарихи-этнографиялық нарративтердің, мұрағаттық іс-жүргізу құжаттарының және иконографиялық материалдардың жаппай тексерілуі және осы бейнелерді дала тұрғындарының өз әлеуметтік-мәдени ортасында және басқа халықтармен дипломатиялық байланыстарда пайдалану сипаты;
2015 жылдың аясында Мемлекеттік Эрмитаж қорлары мұқият зерттелген, Ұлы Петр атындағы Ресей академиялық ғылымының антропологиялық және этнографиялық мұражайы (Кунсткамера),Ресей этнографиялық мұражайы, Мемлкеттік Шығыс мұражайы, ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы, ҚР Ұлттық мұражайы және де мемлекеттік басқа да мұражайлары.
Импакт-факторы бар отандық және шетелдік басылымдарда зерттеу тақырыбында 20 мыңнан астам мақалалар шығарылған, сонымен қатар жоба бойынша зерттеулер нәтижесі халықаралық тәжірибелік конференциялдар мен семинарларда көрсетілген болатын.
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Codex Cumanicus» кітабын түркі мәдениетінің ең көне ескерткіші ретінде қалпына келтірілген болатын. Ғылыми кеңесші ретінде атақты тюркологАлександр Гаркавец сөз сөйлеген болатын. 2014 жылдың қарашасында «CodexCumanicus» қыпшақтың ежелгі жазуларын зерттеу үшін Венеция және Рим қалаларында ғылыми-зерттеу экспедициялары құрылған болатын, ал 2015 жылы кітаптың тұсаукесері өткізілді.
Кілт сөздер
Өнер, мәдениет, жан-жануарлар бейнелері, дәстүр, фольклор, таңбалар, семантика, дипломатиялық этикет.
Ғылыми-зерттеу жобасын қаржыландыруды Мәдениет және спорт Министрілігі жүзеге асырды және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру есебінен төленді