Жыл шеңберінде Италия мәдениеті 2016 жылдың 6 қазанында сағат 11.00-де ҚР Ұлттық мұражайында Қазақстанда итальяндық архерологияылық зерттеулер бойынша семинар өткізілді.
Семинар Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі және Италия Елшілігімен бірге ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы, Л.Н.Гумилев атындағы ғылыми-зерттеу археология институты және Джанкарло Лигабуе Қорының қолдауымен өткізілді.
Семинардың жұмысына Италия Елшілігінен Стефано Раваньян, «Джанкарло Лигабуе Қорының» Президенті Инти Лигабуе, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас директоры |Андрей Хазбулатов, Қазақстанның және Италияның жүргізуші археологтары, мәдениет және өнер саласының және БАҚ өкілдері.
Семинар жұмысын аша отыра, Жәкен Таймағамбетов, «Қазақстандық археологтар итальяндық ұжымдардың тәжірибелерін қабылдайды,Қазақстан аумағында және басқа да елдерде бірлескен жобалар жүргізуде.Қазақстан және итальяндықтардың қарым-қатынасының дамуына профессор Джан Лука Бонора үлкен үлес қосқан болатын» деп айта кетті.
Хазбулатов Андрей, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас директоры «Қазақтанның және Италяиның ынтымақтастығы жыл сайын кеңеюде және мәдениет,өнер және археологияның барлық саласын қозғайды» дей отыра, Джанкарло Лигабуе Қорымен бірігіп ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға және игілікті ынтымақтастыққа үмітте екенін айта кетті».
Италия Елшісі, Стефано Раваньян, «Қазақстан және Италияның ынтымақтастық қарым-қатынасында болуға үлкен үміттері бар. Жыл шеңберінде Италия және Қазақстанда екі елдің мәдениетін танымалдылығына бағытталған аз жобалар жүзеге асқан жоқ. Мұндай бірлесіп жасалған іс-шаралар дәстүрге айналу қажет, тек архелогияда ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларда».
Инти Лигабуе, «Джанкарло Лигабуе Қорының» Президенті, өзінің әкесінің зерттеулерінің нәтижесін көрсете отырып, Қазақстан аймағындағы зерттеулердің маңыздылығын айта кетті, оның ішінде ежелгі көшпенділердің өнері Берел және мәдениет ескерткіштерінің үздік зерттеулерінің маңыздылығы туралы айта кетті.
Семинарда 1998 жылдан бастап Лигабуе қорымен А.Х.Марғұлан атындағы Қазақстанның ғылым академиясы және Францияның ұлттық ғылыми-зерттеулер орталығының бірлесіп жасаған жұмыстарының нәтижесі ұсынылған болатын.
Қор Венецияда орналасқан және Қазақстанды қоса алғанда 14 елде ұсынылған , Лигабуе тобын басқарады.
Зерттеулер нәтижесін археология аймағындағы жетекші профессорлар ұсынды, яғни Елена Баринова, Арман Бейсенов, Гүлнара Жұмабекова және Қырым Алтынбеков.
Лигабуе қорының бірінші зерттеулері Қазақстан Алтайынан басталған, Сақ қорғанынын қазба кезеңдерінде (750-300 біздің эрамызға дейін), зерттеулердің басты нәтижесі Оңтүстік Қазақстандағы Берел қорғанының табылуы болған, яғни екі мыңнан астам артефактілер үш жылдық археологиялық жұмыс кезеңінен.
Триеста Университетінің Геофизиктары «Жетісу Аңғарын» заманауи әдістер бойынша геологиялық аумақта жергілікті зерттеу кезеңінде, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігінде, үш архелологиялық ескерткіштерді зерттеу кезеңінде жүзеге асырған: Қаспан, Ақсу және Шұбар.
Семинарда профессор Джан Лука Бонора қатысқан болатын. 2007 және 2012 жылдар аралығында Болонии Университетінің археологиялық миссиясына жеткен, Сырдария жағалауында және бірнеше археологиялық ескерткіштерді зерттеу кезеңінде: Шірік-Рабат, Сеңгір-там және Баланды, монументалды орталықтан құралатын құрылыс ошақтар жүйесін анықтады.
Семинардың аяқталуы кезеңінде қатысушылар, мұндай кездесулер тәжірибенің алмасуына және шет елдегі ұжымдарымен қарым-қатынастарының дамуына үлкен әсері бар екендігін айта кетті.