«Қазақстанның алғашқы суретші қыздары» көрмесі

01.08.2013 1852

Қала күніне орай Қазіргі заман өнер мұражайында бірегей қолөнер көрмесі өтеді. Тақырыбы – «Қазақстанның тұңғыш әйел суретшілері». Астана тұрғындары ХХ ғасырдағы Қазақстан шеберлерінің 80-ге тарта жұмысымен таныса алады.

Экспозицияда Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Исмаилова, Елизавета Говорова, Мария Лизогуб, Ольга Кужеленко, Лия Колотилина, Эмилия Бабад, Зоя Береговая сияқты шеберлердің қолынан шыққан графикалық шығармалар мен мүсіндері ұсынылады.

Көрменің өтетін уақыты: 4 шілдеден 30 қыркүйекке дейін сейсенбі – жексенбі күндері 10.00 – 19.00 аралығында.  

Кіру: 200 теңге, студенттерге 100 теңге, мектеп оқушыларына 60 теңге.

Өтетін орны: Қазіргі заман өнер мұражайы, Республика даңғылы, 3 үй.

Телефон: 44-01-96

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>