Мәдени мұра

Сан ғасырлық тарихы бар Қазақстан халқы дүние жүзі өркениетінің қазынасы саналатын мәдени құндылықтарға ие. Бұған дәлел ретінде еліміздің аумағында мекендеген ежелгі тайпалар мәдениетінің отырықшы-егіншілік және көшпенді өркениеті дамуының жоғары дәрежесін көрсететін археологиялық олжаларды келтіруге болады.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының қазіргі жағдайы мемлекеттің сан ғасырлық дәстүрлерін дамыту мен сақтау үшін қолданылған шаралар кешені, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, кесенелерді, көне мешіттерді қалпына келтіру, жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтарды құру, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар мұрағат құжаттарын анықтау арқылы сипатталады.