Институт туралы

Институт туралы

Ведомстволық тиістілігі:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Тарихы

Қазақстанның ең бірінші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде 1934 жылы құрылған -Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты отандық ғылымның алдыңғы қатарлы ұйымына айналды. Оның бастауларында Сәрсен Аманжолов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы, Қоңырқожа Қожықов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов және т.б. көрнекті ғалымдар мен ағартушылар тұрды. Қазіргі уақытта да, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, кәсіпқой мамандар, Қазақстан мен шетелдің танымал ғалымдарынан құралған ҚазҒЗМИ қызметкерлері ғалымға жол ашқан ұлы ізашарлардың ісін жалғастыруда, белсенді ғылыми қызмет атқаруда, өзінің ақыл-парасаты мен жүрегінің күш-жігерін Қазақстанның бірегей мәдени мұрасын дамытуға арнап келеді. Сонымен қатар, институтта мәдениет, тарих, өнер, археологияның ауқымды салаларында жаңа әдістемелік стратегияларды қолдана отырып, жас ғалымдар мен шығармашыл менеджерлер қызмет атқарады.

Миссия

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының миссиясына Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасына сәйкес мәдениет саласын тереңінен жүйелі талдауды жүзеге асыру, әлемдік мәдени кеңістікке бірігу мен тиімді халықаралық ынтымақтастық жатады.