Бас директор

Хазбулатов Андрей Равильевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры. 2003-2012 жылдары бакалаврды үздік тамамдаған, өнер магистрі дәрежесін алып, докторлық диссертациясын қорғап шығып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында PhD ғылыми дәрежесін алды. 

Оқу барысында Флоренция университетінде (Италия,Флоренция), И.Е. Репин атындағы Ресей ғылым академиясы жанындағы Санкт-Петебург кескіндеме, мүсіндеме және сәулет мемлекеттік академиялық институтында (Ресей, Санкт-Петербург), Нью-Йорк Университетінің Ежелгі дүниені зерттеу институтында (Нью-Йорк, АҚШ) тағылымдамадан өткен. Ғылыми ізденістерінің тақырыбы мәдени мұнаны сақтау жөніндегі кең ауқымы зерттеулерге арналған.

2009-2014 жылдары оқытушы, Академиялық мобильділік және лингвистикалық дайындық қызметінің басшысы, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен академиялық мобильділік ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы, аға оқытушы, доцент, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры және  ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры лауазымында қызмет атқарды (Қазақстан, Алматы). 

2014 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ президенті лауазымында қызмет атқарды (Қазақстан, Астана). 2014 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры лауазымына тағайындалды. 

Әдебиет және өнер қайраткерлеріне берілетін мемлекеттік шәкіртақының лауреаты (2011 ж), Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған (2012 ж), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі (2014-2017 жж), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Ұлт көшбасшысы Қоры премиясының Лауреаты – ғылым мен техника саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапатталған (2015 ж).

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағын иеленген (2016 ж), Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі (2017 ж) Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының құрастырушы-авторларының бірі, «Кинематография туралы» заңнаманың  құрастырушы – авторы. 

Мәдениет және өнер саласындағы отандық және шетелдік жобалардың ғылыми және көркемдік жетекшісі ретінде қызмет атқарған. 

50 аса ғылыми жарияланымдар мен 2 монографияның авторы. Халықаралық және республикалық конференциялардың, симпозиумдар мен форумдардың қатысушысы.