Сүйікті мерекені сүйікті театрмен бірге қарсы алыңыз

21.03.2015 1018

DSC_7598

Көктемгі жаңару, қайта түлеу, достық пен бірлік мерекесіне орай «Астана Опера» театрының Негізгі сахнасында 22наурызда «Армысың, Әз Наурыз!» атты салтанатты шара өтеді.

Концертте қазақтың опера өнерінің бастауында тұрған композиторлардың шығармалары ұсынылады, атап айтсақ: А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абайы», М. Төлебаевтің «Біржан-Сарасы», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», С. Мұхамеджановтың «Айсұлуы», Е. Рахмадиевтің «Қамар Сұлуы». Мұнымен қатар бағдарламада, көп ұлтты еліміздегі қауымдардың мәдениетін паш ететін, әлемдік музыкалық классика мен композицияның жауһарлары бар.

Салтанатты кештің ажарын “Астана Опера” театрының тамаша солисттері, балет жұлдыздары, симфониялық оркестрінің дарынды музыканттары мен қуатты хоры ашады. Жарқыраған костюмдер мен зор әсер беретін декорациялар тіс қаққан көрерменді тамсандырмай қоймайды.

«Астана Опера» театрының режиссері Наталья Кагадий мерекелік шараның құпиясы жайлы сыр шертті.

Негізінен концертіміз үш бөлімнен тұрады. Бұл, бірінші кезекте, ұлттық классикалық репертуар. 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы болып жарияланғандықтан, келесі бөлімде орыстың, украинның, башқұрттың, татардың, армянның музыкасы ұсынылады. «Астана Опера» - бұл классикалық театр, сол себепті үшінші бөлім әлемдік классикалық музыканың таңдаулы туындыларына арналады. Концертті мейрамға орай маңызды ұлттық биіміз – «Мереке биі» аяқтайды. Біз қонақжай, берекелі Отанымыздың рухани байлығын, өнерінің жоғары деңгейін көрсеткіміз келеді, – дейді Наталья Кагадий.

«Астана Опера» театрының директоры Төлеубек Әлпиев көктемгі Наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтады.

- Бұл мерекенің түптамыры сонау адам баласының жазба дәуіріне дейінгі тарихында жатыр. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының шешімімен ол адамзаттың мәдени мұрасының қатарына енді. «Астана Опера» театры астаналық тұрғындар мен қонақтарға, әлемдік музыкалық классиканың қазынасынан орын тепкен қазақ халқының музыкалық мұрасының ең үздік үлгілерімен естен кетпес кездесу сыйлайды. Осы бір тамаша күнде баршаңызға тілерім, отбасыңызда бейбітшілік пен бірлік ұяласын, ал көңілдеріңізде тамаша музыка қалықтасын, – деді Төлеубек Нығметұлы.

Концерт екі бөлімнен тұрады, 19:00 басталадыБилет бағасы 500 теңгеден жоғары.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>