Венгрия мемлекеттік операсының этуальдары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

19.03.2015 1174

Қазақстанның әйгілі балеринасы, Венгрияның мемлекеттік опералық театрының примасы Әлия Таныкпаева және Венгрия ұлттық балетінің этуалі, Венгрияның мемлекеттік операсының премьері Золтан Ола 1 сәуірде «Астана Опера» театрының Негізгі сахнасында П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінде өнер көрсетеді.

A47A1970_ Diótörő_201_11_24  f Nagy Attila_resize

Әртістер елордалық театрдың төрінде қазақстандық труппамен билеген өздері үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.

- «Аққу көлі» – классикалық репертуардағы сүйікті балеттеріміздің бірі. Сюжеті қызықтыратын таңғажайып ертегі, әлемдік музыкалық классиканың нағыз феномені әрі жауһары атанды, – дейді ойларымен бөліскен венгриялық жұлдыздар.

Бүгінде аталған балеттің бірнеше редакциясы сахналанса, «Астана Опера» төрінде көрермен ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның қойылымын тамашалайды. Әсем де, ғажап декорациялар мен костюмдерді итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино әзірлеген. «Оскар» сыйлығының иегері өзге қойылымдарға қарағанда, бал көрінісіндегі фольклорлық нотаға толы венгрлердің, поляктардың, неополитандықтардың, испандықтардың әдемі костюмдерін алтындай жарқыраған, салтанатты етіп тікті. Декорацияларда ең озық технологиялар қолданылды, атап айтқанда, ауыр конструкциялар санаулы секундтың ішінде көзден ғайып болып, қайта пайда болады, ал көл суы тасып, көрермен залына тасып кететіндей сезілетін 3D әсерді тек «Астана Опера» сахнасынан ғана тамашалауға болады.

«Аққу көлінің» негізінде теріс дуаның күшінен құсқа айналып кететін қыз жайлы халық ауыз әдебиеті ертегісінде кең тараған әңгіме жатыр. Чайковскийдің балетінде Зигфрид ханзада Одеттаны құтқарады, бірақ ол маңдайына жазылғанындай, опасыздыққа барып, қайғылы күнәға себепкер болады. Ханзада сарайына балға Одеттадан айнымайтын, бірақ Одеттадай нәзік те, жасық емес, жымысқы да, еліктіретін Одиллия келеді. Адалдық антын бұзған Зигфрид шын мәнінде Одеттаға берілген еді. Дегенмен қателескенін ұғынған ол зұлым күш иесі, данышпан Ротбардтың көзін жойып, өз махаббатының адалдығын дәлелдейді. Композитор «Аққу көлі» балетін 1875 жылы Мәскеудің императорлық театрлар дирекциясының тапсырысымен жазған.

Анықтама:

Әлия Танықпаева – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Алматылық А.В. Селезнев ат. Хореографиялық училищесін, Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. ҚР Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблінің (1999-2001), Империялық орыс балетінің (2001-2005), Веналық мемлекеттік операның (2005-2009), Цюрихтің опералық театрының (2009-2011) жетекші солисті болған. 2012 жылдан бері – Венгриялық мемлекеттік опералық театрдың жетекші солисті, 2013/2014 маусымнан бері – этуаль.

Әлия Танықпаева - Люксембургтегі балет әртістерінің халықаралық конкурсының Бас жүлде иегері (2003), Пермьдегі балет әртістерінің халықаралық конкурсының үшінші сыйлық иегері (2004).

Золтан Ола – Венгриялық мемлекеттік операның премьері. Венгриялық ұлттық би академиясын бітірген (2001), кәсіби шеберлігін Алманияда, Австрияда, Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ пен Жапонияда шыңдаған.

2001 жылдан бері – Венгриялық мемлекеттік операның солисті.

Золтан Ола – Печ қ. Балет әртістерінің II ұлттық конкурсының (1998) және Венадағы балет әртістерінің III халықаралық конкурсының (1999) екінші сыйлық иегері.

Оның көптеген жүлделерінің ішінде «Nívó» (2001), Эльвира Вэксидің (2001), «Tériné Horváth Margit» (2001) Дьюла Харангозоның (2006), Гундельдің (2008,) «Junior Prima» (2008), Венгриялық балет және қазіргі заман биінің (2008), «EuroPAS» (2010), «Жылдың үздік бишісі» (2014) сыйлықтары бар.

Венгриялық ұлттық балеттің 2012/2013 және 2014/2015 маусымының этуалі.

 

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>