ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті

13.03.2015 964

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, облыстардағы  тарихи-мәдени мұраларды қорғау мекемелері мен мемлекеттік қорық-мұражайларының  басшылары, белгілі археолог ғалымдар және  ескерткіштерді қалпына келтіру саласының мамандары қатысты. Олар Қазақстанның мәдени құндылықтарын қорғау мен сақтаудың заңдық аспектілерін талқылап, тарихи-мәдени мұраларды қадағалауға қатысты кемшіліктерді күн тәртібіне қойды және өзекті мәселелерді шешу  жолдарын ұсынды.

 

Басқосу барысында  сөз сөйлеген Ұлттық музей  директоры Дархан Мыңбай Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырда барымыз түгенделіп, тарихи жадымыз жаңғыра бастағанын жеткізді. Сонымен қатар ол Президенттің бастамасымен қолға  алынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттық тарихтағы көптеген ақтаңдақтарды ашып жатқанын атап көрсетті.

«Кең байтақ Қазақ  жеріндегі қойнауына тарихтың небір тылсым құпияларын тығып жатқан тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мен қорғау жұмыстары уақыт өткен сайын күн тәртібінде өзекті бола түсуде. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде көтеруде уақыт жағынан кешігіп қалдық па екен деп те ойлаймын. Себебі тарихи-мәдени мұраларымыз құқықтық жағынан қорғауды, бақылауды қажет етеді.

Тарихи құндылығы шексіз әр ескерткіштің өз төлқұжаты болып, есепке алынып, оған қатысты атқарылған іс-шаралардың барлығы жазылып, сарапталып отыру керек деп ойлаймын. Бұл жылжитын (жәдігерлер) және жылжымайтын (қоныс, қала, оба т.б.) тарихи-мәдени мұралардың барлығына қатысты», - деді Ұлттық музей  директоры.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>