«Астана Опера» сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді

17.03.2015 1152

min

Жұлдызды дуэт Ермек Құрманаев (виолончель) пен Арман Тілеубергенов (фортепиано) елордалық тыңдарман алдында 19 наурызда «Астана Опера» театрының Камералық залында өнер көрсетеді.

«Қазақстанның алтын виолончелі» атанған Ермек Құрманаев пен аты Қазақстаннан да шалғай тараған елеміздің асқан шебер пианиношысы Арман Тілеубергенов жарқыраған дуэт құрып, өздерінің Астанадағы концерттерін өткізеді. Музыканттардың шеберлігіне түрлі жылдары Франция, Италия, Алмания, Ресей, Түркия, Венгрия, Чехия, Австрия, Испания және Португалия елдерінде көрермен тарапынан жоғары баға берілді. Аталған орындаушылардың қатысуымен өткен концерттер «Mezzo» (Франция) және «Культура» (Ресей) сияқты әлемнің үздік телеарналары, сонымен қатар отандық – «Хабар», «Қазақстан», «Білім және мәдениет», «Сaspionet» арналары арқылы көрсетілді.

Жыл басы – Наурыз мерекесі қарсаңында музыканттар елорда тұрғындары мен қонақтарына И.С. Бах, Ф. Шуберт және Р. Шуманның шығармаларынан ұсынылатын тамаша бағдарлама әзірледі.

Аталған дуэттің шығармашылық жолында зор табысқа бөленгеніне 10 жылдан асты, соған қарамастан олардың әрқайсысы отандық мәдениет саласында орны ерекше тұлға.

Баспасөз өкілдері Ермек Құрманаевты «Қазақстанның бірінші виолончелі» атағанына біраз болды, журналисттердің оған берген тағы бір бағасы – ол түрлі дәуірлер мен түрлі стильдерді асқан шеберлікпен қиыстырып, бірегей сазды материалды тамаша орындап шығады. «Ермек Құрманаевтың өте дарынды музыкант, асқан шебер техника иесі екені даусыз, адам нанғысыз күрделі композиторлық тапсырманы мүлтіксіз орындағанынан өзі рақаттанатыны көрініп тұр». (Константин Кешин, «Казахстанская правда», 2009 жыл).

Шығармашылық байланысты және тыңдарманмен сезіміңді бөлісетін сәтті күту – қашанда көңіл толқытадыӘр орындаудың өзіндік ерекшелігі бар, әрбір орындаушы өзіндік қолтаңбасын жеткізедісол себепті менің ойымша, бір әртістің өзі бір ойнағанын дәл солай екінші рет қайталамайды. Сондықтан мен 19 наурыздағы концертімізді тамашалуға келетін тыңдарманға, ұлы композиторлардың туындыларымен кездесулеріңіз сәтті өтсін деп тілеймін.

«Әуесқой дақайсарлы асқан шебер», «көркем тереңдіктің нағыз өзі» – тіс қаққан журналисттер пианиношы Арман Тілеубергеновті осылай атады. Алайда көптеген кәсіпқойлар атап өткендей, музыканттың басты ерекшелігі – оның әмбебаптығы, яғни ол: жарқыраған солист, ансамбльде сенімді әріптес, сезімтал концертмейстер.

Бұл концерт – мен үшін «Астана Опера» сахнасында бірінші рет өтетін шара емесМаған Астанада ойнаған өте ұнайды,неге десеңіз, ондағы көрермен жылы жүзді және тілектес келеді. Әрине, мұндай сәні мен салтанаты жарасқан керемет театрда өнер көрсету мен үшін құрмет және көңілде шамалы қобалжу да бар. Бұл биік сахнада бұған дейін өнер көрсеткеніме қарап, театрдың аурасы әртісті ерекше күйге бөлеп, барын салып ойнауға талпындырады деп айта аламын. Мен Астананы жақсы көремін және «Астана Опера» театрында өтетін концерт қаламен, оның тұрғындарымен шүйіркелесуге тағы бір мүмкіндік береді. Әдетте біздің шығарманы қалай жеткізетініміз нақты бір әдіс-тәсілге байланысты емес, сонымен қатар ол бір қарағанда екінші орында тұратын көптеген себеп-салдармен анықталады.

Арман Тілеубергенов аталған концерт Наурыз мерекесі қарсаңында тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеді.

Анықтама:

Ермек Құрманаев П.И.Чайковский ат. Мәскеудің мемлекеттік консерваториясын тәмамдады. Ресейдің халық әртісі, профессор Н.Шаховскаяның класында оқыды. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. 2008 ж. Е. Құрманаев РҚ Тұңғыш Президенті қорының лауреаты атанды. ҚазҰӨУ ұстазы. Т. Гайдамович ат. II камералық-ансамльдік орындаудан халықаралық конкурстың Бірінші жүлде иегері (Ресей, 2009 ж.).

Арман Тілеубергенов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Т. А Орманшеевтің басшылық етуімен Алматыдағы Құрманғазы ат. мемлекеттік консерваторияны бітірген. Көптеген Халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты. Құрманғазы ат. ұлттық консерваторияның фортепианоға кафедрасының доценті. Т. Гайдамович ат. II камералық-ансамльдік музыка орындаудан халықаралық конкурсының Бірінші жүлде иегері (Ресей, 2009 ж.).

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>