«Қарагөз» – драмаға толы махаббат

12.03.2015 1493

Театр репертуарындағы Вакиль Османов (Австрия) қойған тұңғыш ұлттық балет – «Қарагөз» «Астана Операның» Негізгі сахнасында 14 наурызда өтеді. Махаббат пен адалдық, бақыт құшу мен кейіпкер өлімі – балеттік спектакльдің негізі.

 _DSC1482

Басты кейіпкер әжесі – Мөржан бәйбішенің нұсқауы бойынша өзіне ғашық болған ауқатты, оқыған әрі көрікті Нарша есімді жігітке тұрмысқа шығуға тиіс еді, алайда сұлу қыздың жүрегі Сырым сал деп соғады. Ата дәстүрге қарсы тұрып, сүйгеніне қосыламын деген әрекет барлығын қайғыға әкеп соқтырады: Қарагөз есінен адасып, ақыры көз жұмады, Наршаның сүйіктісінен өлім аузында да ажырағысы келмесе, Сырым үмітінен қол үзеді. Көп ұзамай Мөржан бәйбішенің де өзегі өкінішке өртенеді…

Басты партияны сомдайтын «Астана Опера» театрының солисттері: Қарагөз рөлінде Әнел Рүстемова ойнайды; Сырым партиясында Арман Оразов; Наршаны ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов билейді; Мөржан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина.

Өнертану ғылымдарының докторы, П.И. Чайковский ат. Мәскеулік консерваторияның профессоры Елена Долинская, барлық басты кейіпкерлерге өздеріне тән қимылдың түрлері бекітілген хореография тілі үлестірілгенін айтады. «Қарагөз пластикасының жұмсақтығы әсіресе адажио, балеттің лирикалық шарықтау шегінде айрықша көрінеді. Нарша – Қарагөз – Сырым махаббат үштігінде екі кейіпкердің де жеке хореографиялық бояуы қанық шыққан», – дейді балет сарапшысы.

_DSC2318

Спектакльдің көркемдік безендірілуі өте маңызды орын алады, неге десеңіз, костюмдер, бояу, жарық, декорациялар көрерменнің қабылдау қабілетін еселей түседі. Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов хореографтың идеясын жүзеге асырды.

Бірінші акттің шынайы көрінісіне екінші акттегі үлбіреген қыздар-инеліктер мен шапшаң жігіттер-құландардың бейнесімен үйлескен таңғажайып декорациялардың геометриялық пішіні қарама-қайшылық тудырады.

Ғазиза Жұбанованың авангардтық музыкасы өзінше бір төбе. «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов балетке музыкалық редакция жүргізіп, түпкі шығармаға қосымша «Сарыөзек метафораларының» үшінші симфониясын, Скрипкалы концертті, сондай-ақ Ғазиза Ахметқызының Ішекті квартетінің екі бөлімін пайдаланды.

Дирижер – Арман Оразғалиев.

Спектакль 19:00 басталадыбилет бағасы 500 теңгеден басталады.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>