Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» солисттерін 8 Наурызбен құттықтады

06.03.2015 1213

Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада еліміздің нәзік жандарын Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Шақыру алған қонақтар – еліміздің мақтанышына айналған танымал әйелдер, олардың ішінде «Астана Опера» жетекші солисті Салтанат Ахметова мен «Астана Опера» балетінің әртісі Сэрина Сунагава да бар.

DSC_8974

Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауынан кейін Салтанат Ахметова мемлекет басшысына алғысын білдіріп, «Астана Опера» театрын салып берген президент миллиондаған адамның арманын орындағанын айрықша атап өтті. «Осы бір тамаша театр бой көтергелі елордамыз құлпырып, көркейе түсті. Жаңа өнер ошағының пайда болуына тек Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары ғана емес, бірінші кезекте, ел мәдениетінің игіліне еңбек ету үшін барлық жағдайы жасалған әртістер қуанышты. Біз президентіміздің үздіксіз қамқорлық көрсетіп, назарынан тыс қалдырмай қолдайтынына ризашылығымызды білдіреміз», – деді әнші.

DSC_8070 (1)

Өз кезегінде Сэрина Сунагава әріптесінің ойын толықтырды, – «Мен Жапонияда дүниеге келдім, Ресейде оқыдым, және маған екінші Отаныма айналған Қазақстанда жұмыс істеу бақыты бұйырыпты. Татулық, тыныштық жайлаған еліміз көркейіп келеді, осының барлығы қазақстандықтарға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында бұйырды. Көп ұлтты тамаша труппада өзімді жайлы сезінемін. Мен үшін ең түсінікті тілде – би тілінде сөйлейтін ұжымның бірлігі мен ынтымағы жарасқан. Президентіміз Нұрсултан Назарбаев спектакльдерге жиі келеді, біздер, әртістер үшін бұл үлкен құрмет және жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады», – дейді балерина.

Анықтама:

Салтанат Ахметова (сопрано)

Көкшетау қ. Біржан атындағы музыкалық колледжінің «Ән» бөлімін (ұстазы Ж.М. Көшкембаева, 2004) және ҚазҰМА «Жеке ән» мамандығы бойынша бітірген (профессор, ҚР Халық әртісі Х.И. Қалиламбекова сыныбы, 2008). Италияндық Вокал Өнері Академиясында машықтанудан өтті (Accademia d’Arte Lirica, Озимо қ., 2009). Сонымен қатар, келесі шеберлік сабақтарынан өткен: Винченцо Де Виво, Серджио Сегалини, Альберто Дзедда, Джанни Тангуччи, Кристина Мути, Райна Кабайванска, Лелла Куберли, Уильям Маттеуци, Сильвия Саш, Антонио Юварра, Стефано Демикели, Харриэт Лоусон, Карло Морганти.2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ опера труппасының жетекші солисті.

Сэрина Сунагава (балерина)

А.Я. Ваганова ат. Орыс балетінің мемлекеттік академиясын (Санкт-Петербор, Ресей, 2004) бітірген. 2004-2005 жж.Мемлекеттік би академиясында (Алматы, Қазақстан) тәжірибе жинақтады. 2005 пен 2013 жж. аралығында К. Бәйсейітова ат. Ұлттық опера және балет театрында (Астана) балет әртісі болып еңбек етті. 2013 жылдан бері «Астана Опера» МОБТ балет әртісі болып жұмыс істейді.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>