«Астана Опера» ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы жайында

24.02.2015 1173

«Астана Опера» театрының ұжымы Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Театр басшылығы, Ұлт Көшбасшысы қолға алған «Нұрлы жол» бағдарламасы мемлекеттің басымды бағыттарының ұзақ мерзімді дамуын одан ары жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев қазақстандықтар үшін ішкі саяси жағдайдың тұрақты болғаны өте маңызды екенін атап өтті.

Нуркалиев

- В балетной труппе «Астана Опера» трудится около ста человек, и все они поддерживают предложение АНК о внеочередных выборах президента РК. Мы благодарны Нурсултану Абишевичу Назарбаеву за его неустанную заботу о развитии культуры. У нас всегда были большие достижения в области балета, но сейчас, когда у нас есть театр «Астана Опера», построенный президентом, мы добились мирового признания.

- «Астана Опера» балеттік труппасында жүзге жуық адам еңбек етеді және солардың барлығы ҚХА ҚР президентінің кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі ұсынысын қолдайды. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәденит дамуына шексіз қамқорлық жасап жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Балетіміз алға жылжып, бүгінде бұл бағытта қол жеткізген жетістіктеріміз айтарлықтай зор, дегенмен, енді елбасымыз салып берген театрымыз – «Астана Опера» бар, соның арқасында бізді әлем мойындады.

Президентіміздің жас әртістерге көрсеткен нағыз әкелік қамқорлығының нәтижесінде, көз алдымызда Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева, Тайыр Гатауов сияқты бүгінде Қазақстанды шет елде танытып жүрген әрі әлем балетінде бәсекеге әбден қабілетті «жұлдыздарымыз» өсіп-өнді.

Балет өнерінің ұжымы, Нұрсұлтан Назарбаев кепіл болатын мемлекетіміздің бүгінгі даму бағыты ары қарай жалғаса бергенін қалайды.

«Астана Опера» балетінің жетекші солисті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева ҚХА президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ұсынысы орынды екенін айтады.

Басбаева

- Мен ана ретінде, кез келген әйел сияқты өз баламның болашағына сенімді болғым келеді. Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында біздің көп ұлтты мемлекетімізде бейбітшілік пен тыныштық ұя салған. Айталық, «Астана Опера» балеттік труппасында қазақтармен қатар орыстар, татарлар, жапондықтар және басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілі жұмыс жасайды. Біз тек біріккенде ғана жетістікке жете аламыз.

Опералық труппа солисттері әріптестерінің ойын толықтырды.

«Астана Опера» театрының жетекші солистіҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының грант иегері (2009), Тұңғыш Президент Қорының мәдениет және өнер саласында тағайындалатын сыйлығының лауреаты(2014), мәдениет дамуына қосқан үлесі үшін берілетін Мемлекеттік стипендия иесі (2014) Жұпар Ғабдуллина Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын толығымен қолдайтынын жеткізді.

Габдуллина

- Мен оның әртістерге жыл сайын мемлекеттік стипендия беруді назарда ұстайтынына ризашылығымды білдіремін. Бұл бізге қуат береді әрі жұмысты одан ары ойдағыдай жалғастыруға ынталандырады. Президент Орталық Азияда акустикасы керемет ең әдемі театр салғызды. Мемлекет Басшысының арқасында отандық мәдениетімізді дамытуға барлық жағдай жасалып отыр. Тек театр емес, бүкіл Қазақстан бойынша тамаша концерт залдары ашылып жатыр. Президентіміз ұзақ жылға дейін өз лауазымын атқарып, мемлекетіміздің барлық азаматтарын бейбітшілікпен, тыныштықпен және амандықпен қамтамасыз еткенін қалаймыз.

Каримова

- Қазақстанның бүгінгі жемісі – ҚР президентінің кемеңгер басшылығының нәтижесі деп есептеймін. Классикалық өнердің қарыштап басқан қадамына қарап, тұтас мемлекеттің дамуы жайлы сөз қозғауға болады, ал бүгінгі күні Қазақстан дүние жүзі мәдениетінде лайықты орынға ие, – дейді «Астана Опера» театрының жетекші солисті, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова.

«Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, ҚР еңбек қайраткері Бағдат Әбілханов:

Абильханов

- Менің ойымша, басқа елдерде президент тарапынан әртістерге мұндай қолдау көрсетілмейді. Мен неше мәрте шет елде болдым, ол жақта біздің Ұлт Көшбасшымыз туралы жақсы пікірлер естисің. Мен президентімізді барлық жағынан қолдаймын.

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі, театрдың барлық ұжымымен бірге еліміз үшін маңызды болып табылатын саяси кампанияны қолдайды. «Біз тұрақтылық, бейбітшілік пен татулық басты басымдық болып табылатын еліміз – Қазақстанда өмір сүрген бақытты жандармыз».

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>