Доната Д’Аннунцио Ломбарди: «Қазақстанның тамаша көрерменіне терең сезімге бөленуді тілеймін»

01.04.2015 1034

Пуччинидің «Богема» операсында Мими партиясын әйгілі опера әншісіДоната Д’Аннунцио Ломбарди шырқайды. Қойылым қарсаңында опера жұлдызы біздің сұрақтарымызға жауап берді.

Бұрын-соңды Қазақстанда болдыңыз ба?

- Мен Қазақстанда ешқашан болған емеспін, сол себепті «Астана Опера» сахнасында алғашқы рет өнер көрсетемін. Мен бұл театрдың әсемдігін әріптестерімнің айтқанынан білемін, сондықтан мені осы керемет өнер ошағында шырқаймын деген ойдың өзі бақытты етеді!

- Мими партиясы – тереңкүрделіКейіпкер спектакль бойы дамумен боладыБұған қалай қол жеткізесіз?

- Мен Мимидің бейнесін Рудольфтің жырлары сомдайтын кейіпкер ретінде елестетемін. Менің кейіпкерім – әйел идеалының теңеуі. Джакомо Пуччинидің өзі музыкасында оның мінезін таза драма тілімен суреттейді. Мими ер азаматтың өміріндегі ең бақытты сәттердің бірін бейнелейді. Оның уақытпен бірге келмеске кеткен жастығы да, өткінші. Менің кейіпкерім Бодлердің өлең-жырындағы бейнелерге ұқсас. Көрермен символизм әлеміне тап болады. Мимидің әрбір сөзі және әрбір екпіні өмірдің қаншалықты тұрақсыз, бұл дүниенің мүлдем басқа – төзімділікке толы екенін көрсетеді.

 - Қазақстандық көрерменге тілегіңізді білдірсеңіз

- Қазақстанның тамаша көрерменіне Пуччинидің музыкасы, әсіресе осы бір жас та, менің ойымша, маңдай алды операсы сыйлайтын терең сезімге шомылуды тілеймін.

 

Анықтама:

Доната Д’Аннунцио Ломбарди Торре дель Лагодағы Пуччини фестивалінде Мюзетта және Мими («Богема»), Чио-Чио-Сан («Мадам Баттерфляй»), Лю («Турандот») және Магда («Қарлығаш») портреттерін сомдағаны үшін «Albo d’Oro Puccini» айтулы сыйлығының иегері атанды. 2013 жылы «Gigli D’Oro» сыйлығын асқан шеберлігі мен мансап жолында қол жеткізген сан қырлы жетістігі үшін иеленді. 2012 жылы қос дебюті – Мария Стюарт және Антонина рөлдерін орындағаны үшін Бергамодағы Доницетти фестивалінде «Жыл әншісі» атағына қол жеткізді. Париждегі Шатл театрының қамқорлығымен «Les Victoires de la Musique Classique» сыйлығын вокалдық тұрғыдан таза орындағаны үшін (Моцарттың шығармаларын орындады) марапатталды. Марапаттар ішінде Катаниядағы опералық театрдың қамқорлығындағы сыншылардың арнайы марапаты – «Domenico Danzuso» да бар. Ол Тостидің камералық әндерін Еуропада, Ла Скала театрында, Жапонияда және Америкада шырқағаны үшін Халықаралық Франческо Паоло Тости байқауының бірінші сыйлық лауреаты атанды.

 

Спектакль 19:00 басталады, билет бағасы 500 теңгеден басталады.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>