Халықаралық театр күніне орай «Астана Операдан» сыйлық

01.04.2015 1059

 

«Астана Опера» кішкентай көрермендерге сыйлық жасайды. 29 наурызда сағат 12:00 балалар үйлерініңтәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналған қайырымдылық концерті өтеді. Жас тыңдармандарға С. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады, сондай-ақ оларға арнап елордалық театрға саяхат ұйымдастырылып, дастарқан жайылады.

C. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі – музыка әлеміне еліктіріп әкететін танымдық саяхат. Қызықты сюжетте басты кейіпкер пионер Петяның басынан кешкен оқиғалары жайында, оның актерлық шеберлігімен емес, музыкалық аспаптардың аккорды мен дыбыстары арқылы баяндалады. Ертегінің әр кейіпкерінің өзіндік музыкалық тақырыбы бар. Мәтінді оқитындар кішкентай тыңдармандарға қай аспаптың қандай кейіпкерді келтіріп тұрғанын түсінуге көмектеседі. Балалар Үйрек-гобой және Қасқыр-валторна екенін көрген кезде де ажырата алатынын айта кету керек, ал бұл үшін оларға костюмдер, суреттемелер мен театрланған ерекшеліктер көмектеседі. Симфониялық ертегінің желісі бір қарағанда қарапайым, алайда оның көздеген өнегелі өсиеті терең. Петя достарын зұлым қасқырдан құтқарып, орманға төнген қауіптің алдын алады да, сонысымен өзінің мыңдаған өзге құрдастарына үлгі болады.   

Оның авторы, кемеңгер композитор Сергей Прокофьевтің мақсаты балаларды аспаптармен таныстырып, олардың қиялын ояту еді. Осылайша Петяны ішекті аспаптар, көбінесе скрипкалар келтірсе, кішкентай құстарды биік регистрдегі флейталар салады, гобой үйрекше қаңқылдап, кларнет мысықша пырылдайды да, ақырын басып, құстарға қарай жасырын беттейді, басты кейіпкер атаны фагот орындайды. Қасқырды үш валторна келтірсе, ал ұлдардың сүйікті аңшысын салатын литаврлар мен үлкен дабылдар соққысы баршаны таң қалдырады. 

Дирижер Руслан Баймұрзин сиқырлы таяқшасымен «Астана Операның» Камералық оркестріне жан бітіреді. Мәтінді оқитындар – Мәулетова Сәуле және Төлеген Назарбеков балаларды ноталардың соңынан ілестіріп, Аса Мәртебелі Ертегіге табыстайды.

Театр әкімшілігі ұйымдастыру жұмыстарына көмегін білдірген «Жас Отан» жастар қанатына алғысын білдіреді.

Симфониялық ертегі тағы 14:00 орыс тілінде және 16:00 қазақ тілінде жүреді, келемін деушілерге билет бағасы 1 500 теңге.

 

New layer...
partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>