Хан гареміндегі құштарлық

10.04.2015 1231

_DSC1884

Тұсаукесер жақын қалды

«Астана Опера» театры Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» атты тамаша балетінің тұсаукесеріне дайындық үстінде. Нағыз балет сүйер қауымды, сыншылар мен балетті ұнататын жандарды сәуірдің 11 мен 12 жұлдызында театрдың Негізгі залы күтеді. Көпшіліктің сүйіктісіне айналған балеттің жаңа редакциясын қазақстандық хореографтар Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева жасады. Спектакльдің көркемдік безендірілуін аса көрнекті итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино жүзеге асырды. Маэстро Фриджерионың «Астана Опера» үшін дайындаған декорациялары сияқты соны жұмыстарын әлемнің өзге театрларынан көре алмайсыз.

Махаббат бұрқағы, жанды бұрқақ!

Декорациялардың көлемді болғанына қарамастан, олардың жалпы салмағы аса көп емес – бар болғаны 8 тонна. Бұған мықты да, жеңіл материал – алюминийді қолданудың арқасында қол жетті. Қатты декорациялар, күңдер мен басты кейіпкерлердің төсектері, барлық реквизиттер «Астана Опера» цехтарында жасалды.

 

 

_DSC0931

_DSC0941 (1)

_DSC0920

Базалық жұмыстың сызбалары «Астана Опера» театрының сценографиялық жобаларды жүзеге асыру басқармасында жасалды. Бутафориялық цехтың жұмысшылары ең майда бөлшектерді де дайындау барысына өнерпаздықпен қарады.

_DSC0870

_DSC0863

Айталық, көзені құйып, кептіру үшін бір күн кетеді, ал оларға сурет салғанға тағы екі сағатқа жуық уақыт қажет.

_DSC0868

Айтпақшы, барлық нобайларды итальяндықтар сызды. Декорациялардың басым бөлігі Италияда дайындалған. Көп жұмыс қолмен жасалды. Нәтижесінде, көрермен сахнадан бес қабатты ғимаратпен салыстыруға болатын конструкцияны тамашалай алады. Декорациялар жиырма үш метр жерді алып жатса, олардың биіктігі он екі метрге жетеді. Алюминийден жасалған тірек бірегей шынылы пластикпен сырланған. Шеберлер епті жұмыстарды түпнұсқадағыдай қолмен жасап шықты. Декорацияның әртүрлі бөлігіндегі суреттерге алдымен шыны талшықтар салып, жақсылап пішінін келтіреді де, сосын барып суретін салып, ұқыптап бояп шығады. Шығыс тақырыбын жақсы көретін Эцио Фриджерио, өзінің шығармашылық тұрғыда ойластырғандарын матаға салынған суреттерде де іске асырды, бұл тамаша һәм күрделі өнердің бір түрі.

_DSC0926

- Италияның технологиясы өте жақсы, біз соған қарай бет бұрдық және айтарым, жылдам меңгеріп жатырмыз. Маэстро Фриджерионың ойластыруы бойынша көлемі қайран қалдыратын экран тұңғыш рет біздің театрда қолданылады. Сценографтың ойы көрерменге польшалық қамалдың жантүршігерлік өртке оранатын сәтін ауқымды етіп көрсетуде жатыр. Әлем театрларында мұндай көріністі еш жерде көре алмайсыз деуге болады, – дейді сценографиялық жобалар мен қойылым жұмыстарын жүзеге асыру басқармасының басшысы Виктор Караре.

Спектакльде өте көп қолданылатын жарықпен итальяндық суретші Виничо Кели жұмыс жасаса, әсер беру жағына кескіндер суретшісі Серджо Металли жауап береді. Бірінші және екінші актіде жоғарғы машинерия іске қосылады, яғни барлық көлемді декорациялар жоғарыға кетеді. Осы ғажап декорациялар Қазақстанға тікелей Италиядан төрт жүк көлігімен он күннің ішінде жеткізілді. Костюмдер Миланнан Астанаға ұшақпен 8 сағатта әкелінді.

Оларды үздік сахналық костюмдері үшін «Оскар» сыйлығын иеленген Франка Скуарчапино дайындады.

 

 

_DSC9017

Суретші итальяндық маталарды пайдаланды, отандық суретшілер үшін олардың атауы да таңсық еді, атап айтсақ, олар – мексикандық рафия, ацетат және басқалары. Франка біздің тігіншілер жұмыс істеп үйреніп қалған дәстүрлі маталарды – жібек, зығыр, органза, жасанды жібек, жаккард (қымбат маталардың бірі, себебі оны өндіру еңбек шығынын қажет етеді), букле (грубая ткань полотняного переплетения из фасонной пряжи, имеющей крупные узелки, расположенные на некотором расстоянии друг от друга) және басқаларын пайдаланған. Маталардың түсіне көзің тоймайды, олар – ақ, қызыл, жасыл, саз түстес, сарғылт, табиғи көк, сары, қызғылт, сұр және қара.

_DSC9020

Суретші бас-аяғы 186 костюмнің үлгісін дайындады. 26 киімді киетін кейіпкерлер – әтектер, күңдер, малайлар, черкестік жаяу әскер, католиктер және татар шалдар, олардың барлығын «Астана Операның» тігін цехында әзірледі.

_DSC9036

Шағын көлемдегі бұл костюмдердің де маталары Италиядан сатып алынды. Қойылымдағы әрбір кейіпкердің бейнесі нақты әрі фактуралық тұрғыдан суреттелген.

_DSC1039

_DSC1153

_DSC1139

_DSC1082

Ағылсын, ағылсын, қуаныш кілті ағытылсын! Болған жайтты сыбырлап жеткізсін…

«Бақшасарай бұрқағы» спектаклінің әлемдік сахналарды бағындырғанына 80 жылға жуықтады. Композитор Борис Асафьевтің жазған музыкасы әдейі хореодрамаға шақталған, яғни оның сахналық тілі ерекше, айқын әрі түсінікті.

«Бақшасарай бұрқағының» жаңа редакциясының қоюшы дирижері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов. Аталған балетте пантомимаға да ден қойылған. Қойылымға қатысатын 92 адам – барлық солисттер, кордебалет, миманс әртістері.

 

 

_DSC0335

_DSC0334

Герей ханның партиясына бірден үш әртіс – Бауыржан Мекембаев, Жәнібек Иманқұлов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жандос Әубәкіров дайындалып жатыр. Алайда тұсаукесердің алғашқы күнінде қоюшы хореограф – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиевтің өзі ойнайды. Бұл партияны хореограф 36 жыл бойы сомдап келеді, алғашқы рет ол 1979 жылы осы балетті дүниеге әкелген Ростислав Захаровтың қойылымында билеген.

 

_DSC2196

Князь қызы Марияның партиясын «Астана Опера» театрының жетекші солисті, Бордо Операсының (Франция) шақыртылған солисті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева орындайды. Балеринаға көп қырлы кейіпкерді сомдауға тура келеді, спектакльдің басында ол – нәзік және күйеужігіті Вацлавқа өзінің бар махаббатын сыйлауга дайын тұрған бақытты қалыңдықты ойнайды. Кейін тұтқынға түскен кезде туғандары мен жақындарынан айырылған ол – бақытсыз, үнемі қорқынышта өмір сүретін қыз.

Тағы бір жарқыраған, қызық та, күрделі кейіпкер – Герейдің сүйікті әйелі – қызғаншақ Зарема.

 

 

_DSC0428

 

Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бұл партияға театрдың үш жетекші солистін дайындады, олар – Борис Эйфманның Санкт-Петерборлық мемлекеттік академиялық балет театрының шақыртылған солисті Әйгерім Бекетаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина және Әнел Рүстемова.

 

_DSC0424

- Бұрынғы Киров атындағы театрда Р. Захаров қойған керемет «Бақшасарай бұрқағы» балеті бүгінге дейін сахнадан түспей келеді. Бастапқыда қалыптасқан дәстүрлер аяқтан аяққа, қолдан қолға мұқият жеткізілуде. Әйгілі орыс балеринасы Татьяна Михайлқызы Вечеслова Зареманың керемет бейнесін жасады, ал Уланова (Мария) мен Вечеслова (Зарема) мінсіз орындаған көрініс бүгінде жас әртістер үшін үлгі болып қала береді. КСРО Халық әртісі Ольга Николайқызы Моисеева Вечеслованың шеберлігін қабылдап, өз кезегінде, маған осы рөлдің барлық ерекшеліктерін түпкілікті түсіндіріп, үлкен махаббатпен жеткізді. Қазір мен бұл партияны үш балеринаға үйретудемін, олар маған өздерінің әртүрлілігімен ұнайды. Әйгерім Бекетаева – қабілетті әрі дарынды адам. Әдетте бұндай партиялар, басқалары сияқты, бірден сомдалмайды. Менің ойымша, көп ұзамай ол тамаша Зарема болады. Гауһар Усина – мүлдем басқа Зарема, мінезі тік келген. Әртіс бәрін дұрыс түсінеді, қазір біз кейіпкерді бейнелеу жолдарын іздеудеміз. Әнел Рүстемова – жұмсақ, нәзік мінезді жан, ол өз кейіпкерінің болмысын нақты сезінеді. Мен осы кейіпкердің маңызын, Зареманың кейбір істерге неге барғанын түсіндіруге тырысамын. Балериналар сахнада өздерін еркін ұстаулары қажет, оларға дұрыс бағыт беру керек, ал ары қарай олар суретші құсап, өз бейнелерін өздері сомдайды. Басқаша айтқанда, олар бұл партияны өздеріне ыңғайлы киім сияқты киюлері керек және ол киімде өздерін еркін сезінулері қажет. Балет өнерінен алыс көрермен үшін балеринаның қандай сезім беретіні және не себепті беретіні түсінікті болуы тиіс. Өнер ұсақ-түйектен тұрады. Қалай шыр айналып, секіргенің емес, дәл осы ұсақ-түйектер, барлығы – әртістің қалай тұрғаны, басын қалай бұрғанына дейін маңызды. Мен әртістердің күші жеткенін тілеймін, себебі партия өте қиын.

_DSC1913

Репертуарлық классика

«Бақшасарай бұрқағы» балетінің әлемдік тұсаукесері 1934 жылдың 28 қыркүйегінде Ленинградтағы С.М. Киров атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (Мариинский) кесілді.

по материалам: astanaopera.kz

 


partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>