«Астана Опера» театры орыстың ұлы композиторы П. И. Чайковскийдің туғанына 175 жылдығына арналған концерт ұйымдастырады

17.04.2015 1368

 

17 сәуірде «Астана Опера» театрының Камералық залында, белгілі «Bel Canto музыкалық салоны» абонементі аясында орыстың ұлы композиторы Петр Ильяұлы Чайковскийдің туғанына 175 жылдығына орайластырылған «Шуға толы бал» атты концерті  өтеді.

Дүние жүзі бойынша шығармалары жиі орындалып, тыңдарманның сүйіктісіне айналған композитор П.И. Чайковскийдің жаныңа жылу сыйлайтын сезімге толы, көңілді ағынан жаратын романстарын«Астана Операның» опера жұлдыздары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано),халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Бәйнешов (тенор)  және Әсем Сембина (сопрано), сонымен қатар театрдың шақыртылған солисті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзов шырқайды.

Кеш бағдарламасын көңілді де, мұңлы, сирек орындалатын және көпке танымал шығармалар легі толықтырады. Шырқалатын романстар қатарында,аталған өнер үшін дәстүрлі туынды, алайда балдағы көріністі жаңаша суреттейтін «Шуға толы бал» да бар.

Мұнымен қатар, көктемгі жаңару және табиғаттың жанданатын тамаша кезімен алғашқы махаббат сезімін ұштастыратын «Ол ерте көктемде болған еді» атты романсы шырқалады. Тыңдарман назарына ұсынылатын «Осы бір айлы түнде» атты сирек орындалатын романсы,адам баласының бақытқа деген ұмтылысы тақырыбын қозғайды. Музыкасы әсем, қуатты да, құмарлыққа толы келетін «Күн үстемдік етсе де» атты әйгілі романс-ариясы,тұңғиығына батырып әкететін махаббат сезімі жайлы сыр шертеді. Сонымен қатар кеште аса танымал дуэттер – қос дауысқа ыңғайластырылған романстар шырқалады.

Фортепиано партиясын «Астана Опера» театрының музыкалық кеңесшісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Раушан Бескемпірова орындайды.

по материалам: mk.gov.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>