Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты IV фестиваль-конкурсында «Астана Опера» солисттері жеңіске жетті

22.04.2015 1207

«Астана Опера» театрының солисттері Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты IV фестиваль-конкурсында жеңіске жетті. Атап айтсақ, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Мейір Бәйнешов «Классикалық вокал» номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. Әйелдер даусы арасында жеңіс, Гран-приді қанжығасына байлаған Айзада Қапоноваға бұйырса, Әсем Сембина конкурстың бірінші сыйлығына қол жеткізді.

Конкурс 30 және 31 наурыз аралығында ҚазҰӨУ орган залында өткенін естеріңізге сала кетейік. Оған Қазақстан мен Ресейдің барлық аймақтарынан келген 16 мен 35 жас аралығындағы музыканттар, кәсіби вокалисттер қатысты.

Білікті әділ қазылар алқасының құрамында болған белгілі музыканттар, аса көрнекті мәдениет қайраткерлері, музыка әлеміндегі танымал мамандар – Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Сәмединова, Азамат Жылтыркөзов, Ұлан Кенжебеков, Бибігүл Жанұзақ. Қазылар алқасының төрайымы – КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері – Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.

Конкурс бағдарламасында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендивтің туындылары ұсынылды.

11037334_827372130645183_5758652041118144931_n

Мейір Бәйнешов конкурстың бірінші кезеңінде, тенорлар міндетті түрде орындайтын, «Абай арманы» әнін, «Өз елім» және «Құстар әнін» шырқады. Екінші кезеңде әнші «Алатау» (бағдарлама бойынша тенорлар міндетті түрде орындайтын ән), «Әжеме» әндерін орындады. Жетекші солист өнер көрсеткен кезде оны халықаралық конкурстардың лауреаты, «Астана Опера» театрының музыкалық кеңесшісі Раушан Бескемпірова сүйемелдеді.

- Бұған дейін қаншама жеңіске қол жеткізгеніме қарамастан, тәжірибем мен жасыма қарамастан, конкурс қобалжытпай қоймайды. Маған барлық жақын достарым қолдау көрсетті, сол үшін оларға үлкен алғыс айтқым келеді. Биыл ерлер даусы арасында бәсеке өте жоғары болды, студенттер, аймақтардан келгендер өте көп болды және олардың барлығының дауысы жақсы екенін атап өткім келеді.

Лирикалы-колоратуралық сопрано Айзада Қапонова, Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындау тұрғысынан алғанда өте күрделі екенін айтады. Алайда солист бағдарламада ұсынылған: сопранолар үшін міндетті түрде орындалатын әндер – «Ақ Шағала» және «Кел, еркем, Алатауыма» және «Баянауыл вальсі», «Қарлығаштар туралы ән», «Жан-жарым» туындыларын қиналмай-ақ шырқап берді.

11069397_657605441010307_5042766691665224998_n

- Мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына табынушылардың бірімін, оның әндерін өте жақсы көремін, қашан болса да, қайда жүрсем де, бұл әндерге жанымды салып шырқаймын. Бүгін жеңіске қол жеткізе алмағандарға мойымаңдар деймін, «бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, конкурста бүгін біз жүлделі болсақ, ертең сәттілік оларға жолдас болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 1 сәуірде өтіп, «Конгресс-холл» концерт залында «Өз елім» фестивалінің лауреаттары мен қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен орасан зор гала-концерт болды.

 по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>