«Менің Отаным Қазақстан» көрмесі

24.04.2015 1607

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 2015 жылғы 24 сәуірде сағат 16.00-де «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясындатанымал фотосуретші, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Славян мәдени орталығы басқармасының мүшесі Александр ПАРХОМЕНКОНЫҢ «Менің Отаным Қазақстан» атты жеке көрмесі өтеді.  

Фотосуретші 1959 жылы Павлодарда дүниеге келген. Оның фотосурет өнеріне деген қызығушылығы мектеп қабырғасынан басталып, әрі қарай оның өмірдегі басты құштарлығына айналды.А.Пархоменко 1975 жылдан бастапкөркем фотосуреттер көрмелеріне белсенді қатысып келеді.Осы жылдар ішінде ол көптеген байқаулардың жеңімпазы болды. Мәскеу, Алматы, посткеңестік кеңістікке кіретін басқа да қалаларда, сондай-ақ Испания, Франция, Сингапур, Румыния, ФРГ, Венгрияда өткен халықаралық көрмелерге қатысты.

А.Пархоменко өз туындыларын фотосүреттерді кенепке басып шығару жолымен жасайды және осы суретте бейнеленген сәтті тереңдете түсу үшін қылқаламның көмегіне жүгініп, түрлі-түсті бояуды асқан шеберлікпен пайдаланады. Пейзаж, натюрморт немесе портрет болсын, фотосуретші көркемсурет өнерінің графика, кескіндеме сынды алуан түрлерін ұштастыра отырып, сонымен қатар голография тәсілін қолданып, фотосуреттің керемет мүмкіндіктерін ашуға талпынады. 

Көрмеге Александр Пархоменконың Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдерінің өзіне тән ерекшелігін, ұлттық мәдениеттердің сан алуандығын,  халық шығармашылығын, мерекелері мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін  100-тен астам еңбегі қойылады.

Бүгінде Александр Пархоменко Павлодар Мемлекеттік университеті жанынан құрылған дизайн факультеті студенттеріне және Павлодар қаласының көркемөнер колледжінде шәкірт тәрбиелеп, фотосурет шеберлігінің қыр-сырымен бөлісуде. Оның 1994 жылы ашылған Profi фотостудиясы Қазақстан жайлы кітаптар мен фотоальбомдарды басып шығару мен көркемдеу жұмыстарына қатысады.

Көрме 2015 жылғы 24 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтеді.

по материалам: astanamuseum.kz

 

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>