Бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғысымыз шексіз

29.04.2015 1372

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы №4 қалалық емхананың (Астана) қызметкерлеріне және оның науқастары – ҰОС қатысушыларына және ардагерлеріне, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлеріне және олардың аналары мен жұбайларына арналған қайырымдылық концертін тарту етті.

_DSC7825

Әртістер соғыс кезінде және одан кейін жарық көріп, күні бүгінге дейін үлкенді-кішінің жадынан кетпеген танымал әндерді шырқады. Олардың атауы тұтас бір ұрпақ үшін символға айналды, атап айтсақ, бұл – композитор Давид Тухманов пен ақын Владимир Харитоновтың «Жеңіс күні», Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең танымал әндердің бірі – музыкасы К. Листовтың және сөзі А. Сурковтың «Жеркепеде», музыкасы Модест Табачниковтың, ал сөздері Семен Кирсановтың «Қара теңізде» әндері. Концертте көпшілік сүйіп тыңдайтын қазақ композиторларының әндері: Естай Беркімбаевтің «Құсни-Қорлан», Мұқан Төлебаевтің «Кестелі орамал», «Тос мені, тос» шырқалды. Концертте халықтың сүйікті әніне айналған «Жартасты таулар, қош болыңдар» (Евгений Жарковский, Николай Букин), «Белгісіз биікте» (М. Матусовский, В. Баснер), польшалық композитор Ежи Петерсбурскийдің және өлеңін жазған Куба (Яков) Галицкийдің әйгілі вальстік әні «Көк орамал» және басқа көптеген туындылар орындалды.

_DSC7717

- Аталған жоба – Отан үшін от кешіп, біздің бүгінде ашық аспан астында бейбіт өмір сүруіміз үшін шайқасқа түскен жандарды еске алу. Соғысқа қатысқан немесе отан үшін өмірін қиып, елге оралмаған адам әр отбасында кездеседі. Мысалы, солардың бірі – менің атам, - дейді «Астана Опера» театрының бас концертмейстері Елена Сахно.

Аталған акцияны елордалық театрдың шығармашылық ұжымы ерекше ықыласпен қолдады. Жеңімпаздардың ұрпағы, олардың балалары мен немерелері үшін ән салған «Астана Опера» театрының әдемі дауыс иелері: Салтанат Ахметова, Байғали Момбеков, Евгений Чайников, Талғат Ғалеев, Болат Есімханов.

Концертке қатысқан «Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары – Александр Малиновский (туба) және Кирилл Красюков (скрипка).

Елена Сахно фортепиано партиясын орындады.

Концерт 30 сәуірде №4 қалалық емхана МКК-да (Астана) өтті.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>