"Жапон күзі" өнер фестивалі

23.09.2013 1708

23 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Алматыда қазақстандықтарды Жапонияның замануи мәдениетімен таныстыратын халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Биылғы жылдың маусымын «Тенгри-Ұмай» фотогалереясында өтетін «Жапония мен Қазақстан суретшілерінің табиғат картиналарының» көрмесі ашады. Экспозицияға Қазақстанның көркем және Жапонияның сәнді табиғатын бейнелейтін 100-ге жуық картина қойылған.

Фестиваль аясында Қазақстанға Токио фотогалереясының директоры, фотография шебері Еитиро Ямасита келіп, өз туындыларын ұсынып, мастер-клас өткізеді.

23 қыркүйекте Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында «Күзгі жел әндері» атты классикалық сахна шеберлерінің концерті және «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтеді.

Шаралардың бәріне кіру тегін

 

 

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>