П.И. Чайковскийдің туғанына 175 жыл толуына орай «Мәңгі құндылықтар жасаушы» атты концерті өтеді

01.06.2015 1445

Күллі музыка әлемі ағымдағы жылы ұлы композитор П.И. Чайковскийдің 175 жылдығын атап өтуде. 7 маусымда «Астана Опера» театрының Үлкен залы, «Симфоника» циклынан берілетін, «Мәңгі құндылықтар жасаушы» концертінде орындалатын оның өшпес музыкасына толады.

П.И. Чайковскийді дүние жүзінде тундылары ең көп орындалатын классик деп атайды. Ол – 80 астам шығарманың авторы,оның ішінде он опера және үш балет бар. Әйгілі композитордың музыкасын әлемнің барлық оркестрлары орындайды, ал оның симфониялары жер бетіндегі үздік концерттік залдардың репертуарын көркейтеді. Барлық жас пианиношылар оның балаларға арналған пьесаларын орындаумен өсіп келеді. Оның жарыққа әкелген романстарын түрлі ұлттың әншілері орындайды. Петр Ильяұлы өз заманындағы жанрлардың барлығын қамтып, солардың әрқайсысында төлтума дүниеге әкелген.

_DSC1074

_DSC1021

«Астана Опера» театры бұл маңызды датаны назардан тыс қалдырған жоқ. Музыка ғұмырындағы айрықша оқиғаны өнер ордасы орасан зор концертпен атап өтеді. Бірінші бөлімде композитордың ең танымал операларынан ариялар, дуэттер мен үзінділер шырқалады, олар - «Евгений Онегин»«Қарғаның мәткесі», «Иоланта», орындайтын солисттер: Барсег Туманян, Дина Хамзина, Айгүл Ниязова, Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев, Байғали Момбеков, Жан Тәпин, Жәмиля Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ, Талғат Ғалеев, Бейімбет Таңарықов, Салтанат Мұратбекова, Гүлжанат Сапақова, Татьяна Вицинская, Елена Ганжа, Нарұл Тойкенов, Болат Есімханов, Ескендір Әбжанов. Сонымен қатар бірінші бөлімде елордалық театр хорының солисттері өнер көрсетеді.

_DSC1117

- Көзі тірісінде П.И. Чайковский музыкам кең таралса, халық одан жанына жұбаныш, көңіліне медеу тапса екен деп армандайтын. Оның арманы орындалды деп ойлаймын, неге десеңіз, оның музыкасы адамға дәл сол демеу сезімін, сондай-ақ сенім мен үміт береді. Біз барлық тыңдарманды музыка өнерінің ең үздік жауһарларынан ләззат алуға концертімізге шақырамыз, – деп атап өтті музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Ұлы композитор 1891 жылы Карнеги Холды (Carnegie Hall) ашқан дирижерлардың бірі болғанын айта кетейік.

Екінші бөлімде театр оркестрі симфониялық музыканың маңдай алдысы – № 6 симфониясын си минор, 74 шығ. орындайды. Бұл композитордың «ең жақсысы әрі ең шынайысы» деп атаған соңғы симфониясы. Оның тұсауын кескенде автор өзі дирижерлық еткен. Тоғыз күннен кейін П.И. Чайковский өмірден озды… Келесі жолы симфония композитордың өзіне арналған концертте орындалып, орасан зор табысқа жетті де, содан бері дүние жүзі бойынша салтанат құрып келеді.

_DSC2146 - Version 2

- П.И. Чайковский аспапты құралдардың өзімен-ақ ауқымы мен тереңдігі жағынан Рембрандт пен Рафаэльдің картиналарымен салыстыруға болатын туындылар шығаратын. Оның «Жалынды» симфониясы – шынайы, композитордың көпшілікке мәлім жаралы жанының өмірі мен өлімі жайлы терең сырды шертеді, – дейді маэстро Абзал Мұхитдинов.

 

Концерт 19:00 басталады, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>