Астана күнін «Астана Опера» театрымен бірге атап өтіңіз

04.07.2015 1909

 

 

Астананың туған күніне орай «Астана Опера» қала тұрғындарына және қонақтарына жарқыраған балеттер мен қызықты опералар әзірледі. Бұған қоса, итальяндық Сан-Карло театрының гастрольмен келгені, еліміздің мәдени өмірінде айтулы оқиғаға айналады.

5 және 6 шілдеде алғаш рет «Астана Опера» сахнасында әлемге әйгілі Сан-Карло Театрының (Италия) труппасы өнер көрсетеді. Гастрольмен келгендер, жүрекке тиетін бірегей сюжетінің, әсем де, сазды музыкасының және спектакльде сирек кездесетін жеке һәм ансамбльдік билерінің үйлесімділігінің арқасында қай заманда да қызықты болып келетін мәңгі өшпес «Жизель» балетін ұсынады. Әртістер жаппай билейтін көріністердің хореографиялық көркемдігі көрерменді біржола баурап алады. Басты партияларда – көрнекті бишілер, Норвегия ұлттық балетінің премьерлері Йоэль Карреньо мен Иоланда Корреа.

7 шілдеде классика ұлттық балетіміз – Вакиль Усмановтың (Алматыдағы хореографиялық училищенің түлегі, көп жылдар бойы Мәскеуде жұмыс істеп, 1988 жылы өзінің – В. Усмановтың Мәскеулік хореографиялық театрын ашқан) қойылымындағы «Қарагөзбен» алмасады. Сюжет бойынша Қарагөз – ауқатты Өсер руының Мөржан есімді атақты бәйбішесінің сүйікті немере қызы, ол бай-қуатты Досан руынан шыққан Нарша есімді жігітке күйеуге шыққалы жүреді. Алайда оқиға желісі өзге бағытта өрбиді…

Ұлттық репертуардан опера да көрсетіледі. 8 шілдеде елордалық сахнада Мұқан Төлебаевтің еңбегі – «Біржан-Сара» назарларыңызға ұсынылады. Операда адам баласына тән эмоция, сезім – қазіргі заманның адамына барынша түсініктінің бәрі басым. Қоюшы режиссер Юрий Александровтың алдына қойған басты мақсаты – операны бүгінгі заман тіліне сай етіп қана қоймай, бірінші кезекте, тыңдарманға жеке бас драмасы мен мәңгілік махаббат идеясын жеткізу. 

Өнер сүйер қауым А. Хачатурянның «Спартак» балетін 10 шілдеде тамашалай алады. Спектакльде, легионерлер мен гладиаторлар бейнесіне тән құдіреттілік пен батылдық танытып, төзімділігімен, жаппай орындалатын көріністерде бір кісідей билейтіндігімен ерекшеленетін «Астана Опера» балеттік труппасының толық құрамы ат салысады. «Спартак» балетінің ерекшелігі – екі бөлек әлем жауынгерлері кейіпінің айрықша көрсетілетіндігі, олардың бірі еркіндікті көксесе, өзгесі жаңа кеңістікті жаулап алуды көздейді.

 

_DSC9286

 

DSC_4101

 

Без заголовка

Барлық шаралар 19:00 басталадыбилет бағасы 500 теңгеден жоғары.

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>