ТАБЫСТАН ДА АСҚАҚ

15.07.2015 1607

Шексіз қошемет, жүздеген жаңа табынушылар, келесі өнер көрсетулер жайындағы қызықты ұсыныстар. Бұл – 10 шілде күнгі «Астана Опера» солисттерінің Италияның Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында Людвиг ван Бетховеннің №9 Симфониясын табыспен орындаған сапар қорытындысы.

Зал толы аншлаг, екі мың көрермен концерт басталарға дейінгі бірнеше күн бұрын билеттерді сатып алған. Ал, бұл мүмкіндікке қолы жетпегендер театр сайтындағы мониторлар экрандарында тікелей көрсетілімнен көз алмай қарауда. Сахнада ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, меццо-сопрано Дина Хамзина мен баритон дауысты Талғат Мұсабаев, Халықаралық байқаулардың лауреаттары, сопрано дауысты Салтанат Ахметова мен тенор Медет Шотабаев итальяндық өнер сүйер қауым алдына шығып, танымал британдық дирижер Джонатан Уэббтың басқаруындағы симфониялық оркестрмен және Пабло Ассанте жетекшілік еткен хормен бірлесе өнер көрсетті.

Көрермендер әйгілі неміс композиторының жауһары – тоғызыншы симфонияны жүрекпен тыңдады. Туындының заманауи қоғамда елеулі өз орны бар. Ол халықтар бауырластығының әнұраны болып табылады. Көрермендердің тәнті болғаны соншалық, олардың қол шапалағы қошеметі әртістердің төрт рет тәжім ете шақыртуына тура келді. Ал, өнер көрсеткеннен кейінгі келесі күні «La Repubblica» газетінің тілшісі Роберто Йовино: «Қазақстанның жас әншілеріне Қошемет, жарайсыңдар!» деп толғана жазады.

Қазір Миланда «Экспо-2015» көрмесі өтіп жатқаны белгілі, осы орайда «Астана Опера» театрының солисттері Қазақстанда өткізілетін «Экспо-2017» көрмесіне символдық тұрғыда эстафета таяқшасын қабылдау ретінде өнер көрсетті. Бұдан басқа біздің солисттер өздерінің өнерлерімен Карло Феличенің симфониялық маусымын аяқтап, театр басшылығы мұндай бірлескен концерттер әртістердің өнерін шыңдап дамыту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту үшін маңызды екенін атап көрсетті.

Бүгінде солисттер Отанында. Олар итальяндықтардың ыстық ықыласын зор қуанышпен еске алады.

Медет Шотабаев ерекше толқығанын, алайда маэстро Джонатан Уэббпен бірінші дайындықтан кейін өзін жайлы сезінгенін айтады. Атақты дирижер қазақстандық әртістердің мықты дайындықтарына жоғары бағасын берді. Сонымен бірге әнші тарихы 1828 жылдан бастау алатын итальяндық хор жөнінде де жылы лебізін білдіріп, вокалшылар оларды құшақ-жая қарсы алғанын жасырмады. – Бұл тамаша табыс болды, біз Қазақстанды және «Астана Опера» театрын жерге қаратқан жоқпыз», – деді әнші тебіреніп.

Өз кезегінде Талғат Мұсабаев оркестрдің тамаша орындағанына тәнті болғандығын айтты. Жетекші солист ең үлкен марапат шоқ гүлдері мен көрерменнің толассыз қол шапалағы емес, оларға жоғары баға берген әріптес-музыканттардың құттықтаулары деп есептейді. Дина Хамзина мен Салтанат Ахметова жемісті сапар болғандығын айтады.

Солисттердің үйлеріне оралғаннан кейінгі әкелген ең маңызды жаңалықтары – ағымдағы жылдың қарашасында Дж. Пуччинидің «Богема» операсы бойынша өнер көрсету үшін тағы да Карло Феличе күтіп тұрғандығын жеткізді.

 

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>