Органдық музыка кеші

09.10.2013 1391

Консерваторияның үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория студенттерінің орындауында классикалық музыкадан концерт өтеді.

Кеш қонақтары ғажап музыкалық аспап – органда ойналатын тамаша әуенді тыңдап, рухани демалуға мүмкіндік алады. Тіпті техникалық дәуірдің шарықтау кезеңінде адамзат органнан асқан зор дауысты аспап ойлап таба алған жоқ.

Кеш бағдарламасында Ф.Лист, Й.Брамс, Ф.Мендельсон, Р.Шуман, Ф.Франка және Р.Вагнердің шығармалары ойналады.

Орындаушылар – Ғабит Несіпбаев пен Жанар Хидуанованың орган класының студенттері мен магистранттары.

Ақпараттық телефон: +7 (727) 261 07 12, 272 98 69, +7 701 272 98 69

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория

24 қазан 2013, 19.00

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>