«PERSONA PLUS» арт-орталығы студенттерінің көрмесі

12.10.2013 1533

Қазіргі заман өнері мұражайында қаладағы танымал вернисаж «PERSONA PLUS» арт-орталығы студенттерінің көрмесі өтеді.

«PERSONA PLUS» арт-орталығы КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан шығармашылық академиясының корреспондент-мүшесі, «Астананың үздік суретшісі» Елена Викторовна Ралинаның бастамасымен, Гүлнара Батырғалиева және суретші Роберт Хеттихтің (Германия) қолдауымен ұйымдастырылған.

«PERSONA PLUS» арт-орталығы 2008 жылдың тамыз айында ашылып, өзінің шығармашылық әлеуетін шыңдап, өнер әлеміне өзінше қолтаңба қалдырғысы келетіндерді біріктіруді мақсат тұтты. Бес жылда арт-орталықта 87 студент білім алды. Жыл сайын арт-орталықтың оқу бағдарламасы аясында Қазақстан мен шетелдерде жазғы пленэрлер өтеді.

«PERSONA PLUS» арт-орталығының екінші көрмесінде әр түрлі техникада орындалған 100-ден аса экспонаттар ұсынылған.

 

Астана қаласындағы Қазіргі заман өнер мұражайы

Республика даңғылы, 3 үй.

Тел.: 44-01-96, 44-02-61, 8-701-725-7459 

17 қазан 2013 жыл, 18.00  

 

 

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>