«Бата - не теряя истоков» арт-көрмесі

09.12.2013 1537

 "Тәуелсіздік сарайы" заманауи өнер галереясында Қазақстанның әр аумағынан келген суретшілердің көрмесі өтеді.

Экспозицияда қазақстандық, еуропалық және орыс көркемсурет мектебінің жұмыстары көрсетілетін болады.

 «Бата - не теряя истоков» көрмесінің кураторы Маржан Әбілдина өз еңбектері арқылы Қазақстандағы көркемсурет өнері дамуының өте жоғары деңгейде екендігін көрсете алатын суретшілердің шығармалары қойылғандығын айтады. 

 

Аталған жоба  - көрермен мен суретші арасындағы диалог. Бұл диалогтың негізі суретшінің жеке сезімдері мен өмірлік ұстанымының көрінуі болуы керек. Мейірім, еңбексүйгіштік, ізгілік  пен махаббат туралы ойлар өнер туындысын көргенде келеді.

Бұл - әр суретшінің өмірді қабылдауы, өз халқының тағдыры туралы әңгімесі. Бата - бұл қазақтың өткені мен бүгінінің сабақтастығы.

Ақпарат телефондары.: +7 707 227 85 39

"Тәуелсіздік сарайы" 5 - 25 желтоқсан, 2013

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>