Ғылыми кеңес / Гаркавец А. Н.

1947 жылы 19 қазанда Украинаның Донецк облысы, Старобешск ауданы Светлый Луч ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Харьков мемлекеттік университетінің филология факультетінің украин тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді.

1975 жылы КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында XVI- XVII ғғ. Каменец-Подольск жазба ескерткіштері негізіндегі армян жазуларындағы қыпшақ тілінің материалдарына сүйеніп, «Түркі тілдері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды.

1987 жылы КСРО ҒА Тіл білімі институтында қыпшақ-армян және урум материалдары негізінде «Түркі тілдері» мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.

1988-1989 жж. Украина Білім министрлігінің тапсырысы бойынша 7 және 8 сыныптарға арналған қырым татарларының тілінде төрт оқу құралын дайындады.

1988 жылдан бері қазақ тілі мен Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту бағдарламасымен айналысып келеді, Қазақ КСР-ның «Тілдер туралы» Заң жобасын жасады.

1994-2000 жылдар аралығында (баспаны Алматыдан Астанаға өткізгенге дейін) қазақстандық «Українські новини» республикалық мемлекеттік газетін редакциялады. Оның беттерінде өзінің лирикасы мен ұлы Абайдың даналыққа толы шығармаларының Тарас Шевченко тіліне тәржімаланған философиялық аудармасын жариялады.

Осы жылдар бойы түркі тілдерін жан-жақты зерттеп, ауыз екі сөйлеу, фольклор мен жазба ескерткіштерін, әсіресе, қыпшақ жазуларының материалдарын зерттеумен айналысып келеді. Соңғы жылдары жарық көрген қыпшақ деректеріне қатысты ғылыми еңбектерінің арқасында ол әлемдік қыпшақтану мен қырым татарларының тілдерін зерттеуге теңдессіз үлес қосып, Солтүстік Азау маңы (Мариупольщины) түркітілдес гректері – урумдардың фольклоры мен тілдеріне қатысты урумтану ғылымының негізін қалады.

1964-1965 жж. слесардің шәкірті, Харьков турбиндық зауытының слесарі

1970-1971 жж. «Соцiалiстична Харкiвщина» газетінің әдеби-тағылымгері, аудармашы, корректор

1971-1972 жж. Харьков университеті баспасының редакторы

1972-1975 жж. КСРО ҒА Шығыстану институтының және УКСР ҒА Тіл білімі институтының аспиранты

1975-1988 жж. УКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері

1978-1981, 1984-1985 жж. – бір мезгілде Киев мемлекеттік университетінде сабақ берді.

1988-1992 жж. Қазақстан ҒА тіл білімі Институты орыс тілі мен әлеуметтік лингвистика (тілдердің өзара әрекеттестігі) бөлімінің жетекшісі

1992-1994 жж. Қазақ ұлттық мәдениет қорының ғылым мен мәдениет жөніндегі директоры, вице-президенті

1994-2000 жж. – ҚР Министрлер Кабинеті «Українськi новини» газетінің бас редакторы

1994-1995 жж. 13 шақырылған ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдар Комитетінің орынбасары

2000 жылдан бері «Дешті-Қыпшақ» евразиялық зерттеу Орталығының директоры

2001-2009 жж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясының бас ғылыми қызметкері

2001 ж. – Қазақстан Республикасы Орталық музейі тарих бөлімінің меңгерушісі

2001 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік заң академиясы маңындағы Халықаралық қыпшақтану орталығының бас ғылыми қызметкері және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Тарих және этнология Институтының ежелгі және ортағасыр тарихы бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарып келеді.

2014 ж.- ҚазҒЗМИ бас ғылыми қызметкері

Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

Ежелгі және қазіргі қыпшақ тілдері – құман-қыпшақ, армян-қыпшақ, урум және қыпшақ жазба ескерткіштері, түркі тілдерін дамыту, соның ішінде қазақ тілін өзге тілдермен байланыстыра отырып дамыту, қырым татарлары тілдерінің заманауи жүйесін, қырым татарларының жазбасын және орфографиясын реформалау

УКСР Білім беру ісінің үздігі (1988)

А.С.Макаренко медалі (1989)

“50 рокiв звiльнення України” медалі (естелік белгі) (1994)

Украинаның еңбек сіңірген тілшісі (1997)

Бейбітшілік және рухани келісім Президент сыйлығының лауреаты (1997 ж. Қазақстан)

«Тарлан» сыйлығының иегері - (2003) және т.б. 2004 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Меценаттар Клубының шешімі бойынша 2003 жылы «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» жүлдесі бойынша бірегей түркітанушы, еңбектері қазақ халқының және өзге түркі халықтарының рухани мәдениетін дамытқаны үшін және «Қыпшақ мұрасы» кітабының авторы ретінде марапатталды.

«Қазақстанның ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2006)

Түрік лингвистикалық қоғамының Құрмет белгісі (2010)