Ғылыми кеңес / Поваляшко Г. Н.

Хатшы - ПОВАЛЯШКО ГАЛИНА НИКОЛАЕВНА

1957 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.

1975-1989 жж. аралығында Теміртау қаласындағы Орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесінде қызмет атқарған. Сәйкес мамандық бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтындағы оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, 1981 жылы институтты бітірді.

1989 жылы Теміртау қ. Көрме залы Көркемөнер көрмесі дирекциясында кіші ғылыми қызметкері (ҚазКСР Мәдениет жөніндегі мемкомитетінде). Жұмыспен қатар, Орал Мемлекеттік университетінің (Екатеринбург қ.) мәдениеттану және өнертану факультетінде оқыды (1996 жылы бітірген).

1993-2008 жж. Қарағанды металлургия институтының «Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

2008 ж. осы күнге дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қазақстан тарихы және гуманитарлы пәндер тарихы» кафедрасының доценті.

2015 жылдан бастап ҚазҒЗМИ-дың бас ғылыми қызметкері.