Ғылыми кеңес / Мұңалбаева Ү. Д.

Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы

Педагогика ғылымдарының докторы (2011 ж.), Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті академиялық атағы (2011ж.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры академиялық атағы (2012 ж.), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры академиялық атағы (2012 ж.) бар.

2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен ҚР Астана қаласындағы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлттық академиялық кітапхана» РММ басшысы ретінде тағайындалды.

Әр жылдары Қазақстан халықтары ассамблеясында, Алматы қ. облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алматы облыстық әкімдігі тілдерін дамыту жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымында қызмет атқарды. 2001-2014 жылдар аралығында Астана қ. әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МҚКК басқарды.

«Қазақстан мұражайлар ассамблеясының» International Council of Museums ICOM Қазақстанның тұңғыш төрайымы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының қарауымен, «Әлем жады» ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстан Ұлттық Комитетінің төрайымы, Амброзиана Академиясы ғылыми кеңесінің (Италия) мүшесі, сонымен қатар, «ИКОМ Қазақстан. Қазақстан мұражайларының мұрасы журналын жарыққа шығаруға мұрындық болған, идеяның авторы.

Бірқатар мемлекеттік және халықаралық сыйлықтардың иегері, бірқатар ғылыми атағы бар, оқу құралдарының авторы.