Асылханов Ермек Сабырұлы
Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР ЖАК өнерлері профессоры, РФ педагогикалық ғылымдар докторы, Ресей ұлттық дизайн академиясының академигі.
40 аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, ЖОО арналған 2 монография мен 2 оқу-методикалық құралдың авторы.
1979-1987 жж. – Жезқазған педагогикалық институтының сурет және кескіндеме кафедрасының оқытушысы.
1987-1997 жж. – доцент, кескіндеме кафедрасының меңгерушісі, Семей қ. Мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
1997-2005жж. – профессор, дизайн негіздері кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қ. Шығыс гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
2005-2011 жж. – Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университеттің дизайн кафедрасының меңгерушісі.
2012-2017 жж. – Қазақ Ұлттық өнер университетінің көркемөнер факультетінің деканы және сахна безендіру мен декоративті өнер кафедрасының профессоры.
Бірқатар сыйлықтардың иегері.