Мертенов Елдос Болатұлы
Өнертану магистрі, философия докторы (PhD)
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу институтының коммерциялау бөлімінің жетекшісі қызметін атқарады.
Оның алдында «Қазақ әуендері» АҚ-да қызмет атқарды, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ҚММ Жастар ресурстық орталығын басқарды, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының археология бөлімінің ғылыми қызметкері, халықаралық қатынастар мен біліктілікті арттыру бөлімінің жетекшісі. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының доценті.
Нью-Йорк (АҚШ) қаласында Art Management бойынша курс тыңдаған.