Алматыда алтыннан жасалған нысандар табылды

20.01.2015 09:10 1564

 

Алматы Алатау ауданының «Көк-қайнар-2» қорған обаларында жүргізген археологиялық зерттеулер кезінде шамамен біздің дәуірімізге дейінгі IV–III ғасырларға жататын бірегей алтын жасанды нысандар табылды.

Алматы тарих музейі археологтарының сөзіне қарағанда, бұл қорған тоналған, дегенмен ғалымдар көне обаны таба алды. Жерленген адамның (көсем немесе белгілі батыр болуы мүмкін) сирек кездесетін экспонаттар табылды.

Барлығы үш жасанды нысан табылды. Олардың бірі – мысық кейпіндегі жыртқыштың бейнесі. Ол таңбаланған бедерлі тілімшелерден жасалып, бір мүсінге біріктірілген. Мүсінді ғалымдар «ойнап жатқан мәулен» деп атайды. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырға жатқызылған бұл ескерткіш бас киімді әшекейлеуде қолданылған композицияның бөлігі болды деген пікір бар.

Табылған екінші бірегей бұйым – жыртқыш құс – бүркіт немесе гриф – бейнеленген тілімше. Құстың басы оң жаққа қаратылған, тұмсығы ірі, қанаттары жайылып, төменге бағытталған. Бұл геральдикалық символ б.з.д. IV ғасырға жатқызылды.

Үшінші көне ескерткіш – сабы бар қола айна – дөңгелек қола диск пен ені 2 см құрайтын сақина типтес дөңгелек қола жиек. Айна дискісі мен жиегі бір-біріне балқыту арқылы жапсырылған. Айнаны ғалымдар біздің заманымызға дейінгі ІІ – біздің заманымыздың ІІ ғасырларға жатқызды.  

Алтыннан жасалған бұйымдармен қатар обадан ежелгі қыш ыдыстардың сынықтары табылған.

по материалам: mk.gov.kz