Қазақстандық "Спартак" итальяндық қауымның қошеметіне бөлінді

23.01.2015 09:00 1378

 

21 қаңтар күні Генуяда өткен «Астана Опера» балетініңдарынды әртістерінің  «Спартак» балеттік спектаклінің алғашқы көрсетілімі итальяндық көрерменді таң қалдырды. Екі жарым мыңды құраған жергілікті және шетелдік әлеумет өз қошеметін білдіріп, ұзақ шапалақ ұрды. 

Эмоцияға берілген көрермен аямастан «браволарын» жаудырып, әрбір күрделі сүйеуден кейін ду қол шапалақ ұрып жатты. Сюжеттің қалай өрбігенін, әртістер шеберлігін мұқият қадағалап отырған көпшілік Бақтияр Адамжанға (Спартак)ерекше ықылас білдірді. Шапалағын аямаған әлеумет, оның үлкен талант иесі екенін айтып жатты. Екінші құрамда Спартакты Досжан Табылды сомдайтынын айта кетейік, Красты ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов орындаса, Фригия – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева, екінші күні Әнел Рүстемова билейді, Эгина – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина, екінші құрамда Әйгерім Бекетаеваорындайды. Балеттің бұл жетістігіне өзінің асқан шеберлігін паш еткен корбедалеттің қосқан үлесі де мол.

 «Карло Феличе»театрының арт директоры, маэстро Джузеппе Аквавива труппаның Генуяға келуі, қос театр арасындағы ынтымақтастықпен байланысты екенін атап өтті. – Бүгін генуялық театрдың оркестріне Айдар Әбжаһанов дирижерлық етті, ал хор маэстро Пабло Ассантенің жетекшілігімен өнер көрсетті. Қазақстандық труппаның бүгінде бізде өнер көрсетуі – мәдени ынтымақтастықтың көрсеткіші.

Аталған өнер ордасында әр жылдары өздерінің шеберлігін Испанияның Ұлттық балеті, Американың би театры, Пекиннің би академиялық ансамблі, Миландық балет,  Гуанчжоу балетіндегі Марк Моррис би тобы сияқты жұлдыздар труппасы көрсеткен.

Қазақстандық балет әртістерінің өнері «Карло Феличе» театрының дирекциясына ұнағаны соншалықты, қазірден бастап алдағы сапарлар – «Аққу көлін», «Жаңғақ шаққышты» қою талқылануда, бұл–итальяндықтардың өз сахнасында тамашалағысы келетін спектакльдер.

 

 

                                   

 

по материалам: mk.gov.kz