ҚР МСМ Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Страссбург университетінің өкілдерімен кездесті

23.01.2015 09:31 1499

 

2015 жылғы 22 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасы Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дінислам Болатханұлының Францияның Страсбург университеті Журналистерді даярлау орталығының өкілдері Х.Делькурмен  және Н. Готьемен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Франция жоғары оқу орнының қазақстандық оқу орындарымен ынтымақстастық мәселелерін, соның ішінде француз студенттеріне үстіміздегі жылдың мамыр айында Қазақстан университеттерінде оқу тағылымдамасынан өту мен оны жүзеге асыру туралы мәселелерін талқылады.

2015 қаңтарынан бастап Қазақстан шығармашылық оқу орындары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына берілгендігін айтып кеткен жөн.

 

по материалам: mk.gov.kz