Қазақстан құрамасы Универсиада-2015 жарыстарында алғашқы алтын жүлделерін жеңіп алды

26.01.2015 10:18 1373

26 қаңтар, 2015. Астана. Қаңтардың 24-і мен 1-ші ақпан аралығында Словакия және Испанияда өтіп жатқан ХХVII қысқы Универсиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша құрамамыз қанжығасына екі алтын жүлде байлап, жалпы командалық есепте бірінші орынға табан тіреді.

Алғашқы алтын жүлделеріміздің авторлары – спринтерлік жарыста күш сынаған Анастасия Слонова мен 15 км қашықтыққа жеке жарыста өнер көрсеткен биатлоншы Алина Райкова.

Ақмола облысы, Щучинск қаласының атынан өнер көрсеткен Алина Райкова 15 километрлік қашықтықты 47 минут 29,4 секунд ішінде өтіп, бір жерден ғана осал жіберді.  Риддерлік (ШҚО) Слонова өз дистанциясын преодолела 3 минут 22,75 сек ішінде кешіп өтті. Айта кету керек, 2011 жылғы Азиада кезінде ол екі дүркін чемпион атағын жеңіп алған болатын.

Бірінші жарыс күнінің қорытындылары бойынша жалпыкомандалық есепте екінші орынға Ресей құрамасы (үш күміс және үш қола жүлде), ал екінші орынға Украина құрамасы (1 алтын жүлде) табан тіреді.

по материалам: mk.gov.kz