Индонезияның Қазақстандағы Елшілігі 2015-2016 оқу жылдарына «Дармасива Индонезия» стипендиялық бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттерді қабылдайды

28.01.2015 09:22 1363

 

Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі 2015-2016 оқу жылдарына «Дармасива Индонезия» стипендиялық бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттер арасынан үміткерлерді қабылдайтындығы туралы хабарлады.

Аталған бағдарлама Индонезияның жоғары оқу орындарында жергілікті тілді, өнер, ән және қол өнері туралы білім алуға, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік бермек.

Бағдарлама шығындары (барып қайту жол ақысы, жатақхана, стипендия) индонезиялық тарап есебінен өтелетін болады.

Стипендиялық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер үстіміздегі жылдың 26 ақпанына дейін Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне мына мекен-жай бойынша хабарласуы қажет: 010000,  Астана қ., Сарайшық к-сі 26/1, Дипломатиялық қалашық.

Толық ақпаратты 8(7172)79-06-70 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

 

по материалам: mk.gov.kz