«Астана Операда» кемеңгер композитор Фредерик Шопенның құрметіне концерт өтті

29.01.2015 09:25 1541

 

29 қаңтар, 2015. Астана. Кеше «Астана Опера» театрының Камералық залында асқан шебер пианиношы Нұрлан Ысмайылов «Фортепианолық музыка кеші» атты жеке концертін өткізді. Шара кемеңгер композитор Фредерик Шопенның туғанына 205 толуының құрметіне ұйымдастырылған.

Кеш бағдарламасына польшалық ұлы композитор және аса көрнекті пианиношының шығармалары кіріп, бірінші бөлімде 24 кіріспе (ор.28) орындалса, екіншісінде –төрт баллада орындалды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Ысмайылов, аталған музыкалық туындылар Шопен шығармашылығының жауһарлары екенін атап өтті. Бұл концертте Ысмайылов Шопенның терең ойлы, есте қаларлық туындыларын орындады.

Нұрлан Ысмайылов Чайковский ат. ММК-сын профессорлар В.И. Носов пен Н.П. Емельяновтың класы бойынша (1970-1975),  ассистентура-стажировканы КСРО халық әртісі Э. Гилельстің класында (1975-1978) тәмамдаған. Жалпыодақтық конкурста (1977) және С. Рахманинов ат.халықаралық конкурста (1983) арнайы сыйлықтарды иеленген.

по материалам: mk.gov.kz