Дархан Калетаев Қазақстан велоспорт федерациясының басшысы болып тағайындалды

30.01.2015 09:35 1495

 

30 қаңтар, 2015. Астанада Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа басшылары тағайындалған есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді. ҚВФ жаңа президенті ретінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Дархан Калетаев тағайындалды.

Федерацияның бірінші орынбасары ретінде Райымбек Баталов, ал вице-президенттері болып Александр Винокуров, Зульфия Забирова мен Аманбек Күлшіков сайланды.

Еске салып кетсек, Федерацияны бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбектов басқанрған болатын.

по материалам: mk.gov.kz