Қазақстан мәдениет және спорт министрі мен Австралияның экология мәселелері бойынша Елшісімен ұлттық мәдени мұраларды сақтау саласындағы ЮНЕСКО-мен өзара әрекеттестік тәжірибелерімен алмасты

02.02.2015 09:13 1403

 

2 ақпан, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Австралияның Сыртқы істер министрлігінің экология мәселелері бойынша Елшісі Питер Вулкоттпен кездесті. Екі мемлекеттің өкілдері мәдениет ескерткіштерінің сақталуы мен бұқаралық спорт мәселелерін талқылаған болатын.

Әңгімелесу бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды сақтау, әлем мәдениетіне қолдау көрсету мәселелерін талқылаудан басталды.

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының басшысы ретінде министр А. Мұхамедиұлы ұлттық мәдени мұраларды сақтау саласында ЮНЕСКО-мен өзара әрекеттестіктегі қазақстандық үлгісімен бөлісті. Ол Қазақстанда тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуы, оларды ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра Тізіміне енгізілуі бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Бүгінгі таңда Тізімге Қазақстанның бірегей тарих және мәдениет ескерткіштері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (2003), Тамғалы петроглифтері (2004), Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері (2008) және Ұлы Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань бөлігіндегі объектілері - Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтары (2014) ілікті.

Питер Вулкотт, өз кезегінде, Жасыл материктің атынан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра Тізіміне 19 объект қосылғандығын мәлім етті. Сонымен қатар ол Австралия үкіметі жасақтаған 2050 жылға дейінгі Үлкен Барьерлік рифтің тұрақты дамуының ұзақмерзімді жоспары туралы баяндады. Бұл объект бойынша мәселе үстіміздегі жылдың маусым айында Боннда өтетін ЮНЕСКО Комиссиясының отырысында қарастырылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар спорт және дене шынықтыру саласындағы ынытымақтастық бойынша пікір алмасты. Қазақстандық ведомстваның басшысы Австралия ұлттық мәдени мұраларды сақтауда үлгі болып табылатындығын ескерте отырып, бұл салада болашақта өзара байланыс тиімді жүзеге асырылатындығына үміт артты. Ол бұл мемлекеттің спорттық қозғалысты дамыту мен насихаттаудағы жетістіктерін ерекше атап өтті.

Питер Вулкотт болса, қазақстандық спорттың заманауи басқару жүйесін дамытуға қолдау көрсету мен Австралияның табиғи саябақтарын басқарудағы тәжірибесімен бөлісуге дайындығын білдірді.

по материалам: mk.gov.kz