Мәдениет және спорт министрлігінде ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесу өтті

03.02.2015 09:15 1388

 

3 ақпан, 2015. Астана. Бүгін ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасының міндеттерін орындаушы Қуаныш Асылов Германия Федеративтік Республикасы Федералды үкіметінің Уәкілі, Бундестаг депутаты Хартмут Кошик мырза мен Көші-қон және бірігу Комитетінің мүшесі, Германия Бундестагының депутаты Гейнрих Цертикпен кездесті.

Бұл кездесу өткен жылдың қараша айында Берлин қаласында өткен Қазақстанда тұрып жатқан немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысының жалғасы болып табылады.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы ұлты неміс азаматтарға қолдау көрсету, ұлтаралық және дінаралық келісімнің дамуы, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және, сондай-ақ, спорт, білім беру мен жастар саясаты салаларында қалыптасқан екіжақты байланыстардың жоғары деңгейіне ерекше тоқталып өтті.

Қуаныш Асылов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы да дана саясатының арқасында Қазақстанда гуманитарлық ынтымақтастықтың қайнар көзі болып табылатын мәдениетаралық сұхбат жүзеге асатын мәдени және әлеуметтік кеңістіктің кеңейтілуі бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын ерекше ескертті.

 «2015 жыл біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды – биыл елімізде бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан 140 этностың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы тойланатын болады.  Қазақстан Республикасының Президенті төрағалық ететін Ассамблея қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен бейбітшіліктің орынығуында басты рөл ойнайды», - деп хабарлады Қ. Асылов.

Германия бундестагының депутаты Хартмут Кошик өз кезегінде Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос өкілдері – ел азаматтарының арасында достық пен өзара түсіністікті орнықтыру мен күшейту жолында қазақстандық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен өзге де құзыретті ведомствалардың жұмысына жоғары баға берді.

Ол айтып кеткендей, Қазақстан және Германия арасындағы жалпы екіжақты байланыстардың негізі болып табылатын мәдени ынтымақтастық өзара сенім мен түсіністік қағидаттарына негізделген.

Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова: «Мәдениет саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастар сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру үрдісінің негізін құрушы факторларының бірі болып табылады. Қазақстан мен Германия мемлекетіміздегі неміс диаспорасының өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетеді. Неміс этникалық орталықтары қоғамдық өмірдің белсенді қатысушылары – олар көптеген республикалық фестивальдардаа, байқаулар мен концерттерде өнер көрсетіп жүр», - деп хабарлады.

Мемлекеттердің ынтымақтастығын жүзеге асыруда Қазақстан неміс этносы мен Қазақстаннан ГФР-ге көшіп кеткен немістердің өзара байланыстары маңызды орын алады. Гейнрих Цертиктің пікірінше, Қазақстан Республикасындағы немістер мен Германиядағы қазақстандық немістер екі мемлекет арасында бірегей «достық көпірінің» рөлін атқарады. Қазақстанда туып өсіп, бүгінгі таңда Бундестаг депутатының қызметін атқарып жүрген ол барлық бұрынғы қазақстандық немістердің атынан елімізге мәдениет және өнер саласында да, спорттық жетістіктерді жетілдіру аясында да жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Сонымен Қатар Г. Цертик қазақстандық әріптестерімен бұрынығы Қазақстан азаматы – әйелдер арасында бокстан 17-дүркін әлем чемпионының дайындық Тұжырымдамасын жасақтау тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуді қорытындылай келе, Қ. Асылов Қазақстанның неміс этникалық топтарына көрсетіп жатқан белсенді және жан-жақты қолдау көрсетіп жатқандықтары үшін қонақтарға алғысын білдіріп, достас екі мемлекеттің арасындағы тату көршілік қарым-қатынастар мен өзара түсіністікті нығайту жолындағы жемісті ынтымақтастық болашақта да жалғасын табатындығына үміт білдірді.

Еске салып кетсек, Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысының қорытындылары бойынша Коммюнике жасақталған болатын. Бұл құжатқа сәйкес екі мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстанда тұрып жатқан неміс диаспораларына қолдау көрсетудегі бірлескен жұмысты жалғастыруға, екіжақты экономикалық-әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жүзеге асыруға елдің өзге де азаматтарын тартуға келісті.

         

по материалам: mk.gov.kz