2014 жыл үздік спортшыларының есімдері анықталды

05.02.2015 09:24 1956

 

 

 

2015 жылдың 4 ақпанында Ұлттық мұражай үйінде «Жыл спортшысы-2014» сыйлығын табыс ету рәсімі өтті.

Салтанатты шараға спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық компаниялар өкілдері қатысты.

ҚР МСМ, 2014 жылдың қорытындысына сәйкес, 10 номинация бойынша үздіктерді анықтады. «Жылдың үздік спортшысы» аталымында И. Ильин, Г. Головкин, З. Чиншанло, Д. Тен, Ж. Қыдырбаев, Д. Елеусінов, Д. Баландин, Н. Қызайбай, З. Дияс, А. Нұғымаров марапатталды.

«Жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымындағы сыйлық Т. Бектеміров, Д. Әділғазин, М. Елеусінов, В. Ни, А. Казаков, С. Қоржыкенов, Ж. Өмірзақов және Ф. Кэролға табысталды.

«Жылдың үздік спорттық федерациясы» ретінде Қазақстан бокс федерациясы, «Қайық" ескек есу спорты түрлері федерациясы, Ауыр атлетика федерациясы, Су спорты түрлері федерациясы, Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы танылды.

«Жылдың үздік спорттық ұйымы» — Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы, Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы, Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв республикалық мектеп-интернат-колледжі және Өскемен қ. Олимпиадалық даярлау орталығы. Солтүстік Қазақстан облысының «Раисовское» ЖШС директоры В. Коваленко, Ақтөбе облысындағы «ПОШ сауықтыру орталығы» ЖШС құрылтайшысы А. Мамырбаев, «Биік» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан обл.) директоры Б. Әбдубайтов және «ИПК «ZHERSU» ЖШС директоры (Алматы обл.) Б. Оспанов «Жылдың үздік меценаты» номинациясында топ жарды.

«Үздік спорттық аймақ" анықталды: аталған номинация иегерлері Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының Дене шынықтыру және спорт басқармалары. «Үздік нұсқаушы — ауылдық жердегі спорт бойынша әдіскер» аталымындағы сыйлықты В. Васильев (Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожное аулы) жеңіп алды.

«Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жылдың үздік жаттықтырушысы» — С. Бейсебаев, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шанханай аулының еркін күрес бойынша жаттықтырушысы. Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайының директоры Н. Нұров «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» атанды.

Бұдан бөлек, бірқатар номинация бойынша ынталандыру сыйлықтары белгіленген. Атап айтқанда, «Үздік спорттық құрылыс» (сыйлық иегері - «Дәулет» спорткомбинаты), «Жылдың үздік командасы» (Допты хоккей құрамасы), сондай-ақ өзге де бірқатар спортшы, жаттықтырушы және ұйымның еңбегі еленіп, ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

Салтанатты шараның барысында С. Бердіқұлов атындағы республикалық сыйлықтың 2014 жылғы лауреаттары мен жүлдегерлерінің есімі белгілі болды: А. Бейсенбаев («Казахстанская правда» газеті), Р. Оқасов («Алматы» телеарнасы) және Ф. Әміренов (Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінен).

Қосымша фотосуреттерді мына жерден таба аласыз: http://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/foto/?cid=84

 

по материалам: mk.gov.kz