«Астана Опера» театрының әртістері «Бәрі махаббат жайлы» концертін ұсынады

06.02.2015 09:30 1477

 

2015 жылдың 13 ақпанында «Астана Опера» театрының Камералық залында «Бәрі махаббат жайлы» атты концерт өтеді. Концерттің авторы – белгілі концертмейстер Ирина Кургузкина.

Махаббат – шығармашылық адамдары – музыканттар, ақындар, суретшілер үшін берекелі тақырып. Олардың туындыларында қыруар сезім, сол сезімге тән: қуаныш пеншаттықтан бастап, қызғаныш пен ызаға дейін кездеседі.

Тыңдарманға мереке сыйлап, оларды өздерімен бірге күліп, уайымдауға мәжбүр ететін «Астана Опера» театрының солисттері:Айгүл Ниязова, Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Бейімбет Таңарықов, Нарұл Тойкенов (тенорлар), Жанат Шыбықпаев, Ескендір Әбжанов және Қазыбек Досмұхамбетов (баритондар), Артұр Қайыпқұлов (бас). Махаббат музыкасын тағы оркестр солисттері Қаламқас Жұмабаева (скрипка) мен Станислав Омаров (кларнет) орындайды. 

по материалам:  mk.gov.kz