Астанада «Абылай хан арманы» тарихи драмасының тұсаукесері өтті

09.02.2015 09:32 1405

 

 

2015 жылдың 7 ақпанында Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Абылай хан арманы» тарихи драмасының тұсаукесері өтті. Қойылымның алғашқы көрермендерінің қатарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова да болды.

Қойылым Абылай ханды жоңғарлар тұтқынға алған кезден басталып, ауыр сындар кезеңінде қазақ халқын құтқару үшін қызметі туралы баяндайды. Қойылымда атақты ханның көшбасшылық мінезі, адамгершілігі, даналығы, көрегелдігі, батылдығы секілді қасиеттері кеңінен ашылып көрсетілген.

Қойылымның авторы — әйгілі жазушы, драматург Думан Рамазан, режиссері - ҚР еңбегі сіңген қайраткері - Болат Ұзақов.

Қазақ халқының ұлы ханын Абылайды театр әртісі Қуандық Қыстықбаев сомдады.

ҚР Мемлекеттік хатшысы айтып кеткендей, аталмыш қойылым Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау шаралары аясында өткен болатын.

по материалам: mk.gov.kz