Мәдени саясат стратегиясы

02.02.2015 15:45 1953

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салалардың даму басымдығын айқындайтын Мәдени саясат Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген болатын. Тұжырымдаманың барлық бағыттағы басымдылықтары елдің барлық әлеуметтік стратегияларын жаңғырту және мәдениет саласының  келешекте 2030 жылға дейінгі даму саласын бейнелейді.

Тұжырымдаманың бағыттары, әдістері, артықшылығы жайлы брифингте Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Еңбек Ері Айман Мұсақожаева, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов және «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбековтер жан-жақты тоқталып өтті.Мәдениет саласы бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық құжат тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданған еді. Жаңа тұжырымдама қазақтардың мәдени ділін және заманауи мәдени кластерлерді дамытуға арналған. 2030 жылға дейін аталмыш салалар өзге елдің мәдениетімен қатар болады. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы, жаңа импульстің салаларын дамыту, әлеуметтік жаңғыртудың көлемді мәселелерін және ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты назарға қойылған еді. 

 Жаңа мәдени саясат стратегиясы мәдениет пен өнер саласы аясында жаңа бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастырмақшы және дәл қазіргі мәдениет аясындағы білім беруді өзгертпекші. Бұл мемлекеттік және отандық талант өкілдерін, шығармашылық қызметкерлер тапшылығын толықтыру, қазақстандық еңбек нарығындағы мәдениет пен өнер салалары бойынша жаңа генерация менеджерлері мен мамандарды жан-жақты қолдау.

Қонституцияға сәйкес, елдің мәдени кеңістігінің басын біріктіру бағыттары бойынша аймақтық саясат пен ұсыныс өнімдерін үйлестіру және консультациялау сұрақтарына ҚР Президенті жанында құрылған Ұлттық кеңеске кіреді. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет мүшелері, мәдениет пен өнер салаларының теңдесі жоқ қайраткерлері, мәдени ұйымдар мен шығармашылық одақ жетекшілері, бизнес орта өкілдері және өзге де сала қызметкерлері жұмылдырылған. Бұлардың барлығы ажңа құрылымды жоғары деңгейге көтермек.

 Ұлттық кеңестің қызметі, негізінен арнайы көркемдік кеңес салаларына сүйенеді. Бұл дегеніміз, республика бойынша мәдениет ұйымдары мен тәжірибе алмасу жұмыстарын үйлестіру, олардың еңбегін жемісті, нәтижелі қылу, және де осының барлығын мәдениет пен өнер салалары бойынша білім беру жүйесіне заманауи өзгерістер жасау арқылы жүзеге асыру керек.

Тұжырымдамада территориялық кластерлерге айрықша көңіл бөлінген. Ол бойынша синкреттік әдіс пен өнердің басым бөлігін дамытуда аймақтық мәдени бірлестіктерге бағыттау. Мәдени-туристік кластерлер – бұл тарихи-мәдени бірлестіктердің халықаралық бейнені қалыптастыру, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, коммерциялық қызметтің инфроқұрылымын дамыту және экономикалық және әлеуметтік тұрғыда жоғары жетістікке жету.

Жаңа мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыру арқылы тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізу, яғни аймақтарда жаңа мәдени нысандар құрылыстары, шығармашылық мамандықтар бойынша еңбек рыногын қанағаттандыру, мәдени өнім мен оның сапасын көтерудің жолын кеңейту.

                       

 Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

 

                   

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Равильевич Хазбулатов

 

                      

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Қожабекова Айман Мұсақожаева

 

Авторы: Бектұр Қадыров

Дереккөз "Казахстанская правда"