«Астана Опера» театрында «Симфоника»атты жаңа концерттер легі басталады

10.02.2015 15:34 1513

 

 2015 жылдың 15 ақпанында «Астана Опера» театрының Мәрмәр залында «Симфоника» атты жаңа концерттер легі «Людвиг ван Бетховен» бағдарламасымен ашылады.

Тыңдарманға ұсынылатын «Симфоника» деген атаумен біріктірілген концерттер легі, келетін қонақтарды симфониялық музыканың жауһарларымен таныстырады.

Осы кеште астаналық тұрғындар мен қонақтардың назарына №3 ми-бемоль мажор симфониясы, «Батырлық" ор.55 және оркестрмен скрипкаға арналған ре мажор концерті, ор.61 ұсынылады. Симфониялық музыканы орындайтындар: солист — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка), «Астана Опера» симфониялық оркестрі. Дирижерлық тізгінде - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

«Оркестр солисттері үшін симфонияны орындау — үлкен бақыт, бұл оркестрдің әнші мен аспапшыдан кейінгі орынды иеленіп, жай ғана сүйемелдеп, шығарманы әншейін ойнап қана қоймай, осы бір кештің басты назары болатын музыканы жеткізу», — дейді ойымен бөліскен «Астана Опера» оркестрінің солисттері.

по материалам: mk.gov.kz