Қазақстандық спортшылар шыңғыда бағдарлаудан Әлем чемпионатының үздік бестігіне ілікті

11.02.2015 15:37 1403

 

2015 жылдың 10 ақпанында Норвегияның Хамар қаласында шаңғыда бағдарлаудан Әлем чемпионаты басталды. Беделді жарысқа қазақстандық спортшылар да қатысуда.

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Ольга Новикова мен Михаил Сорокин аралас эстафетада (mix-relay) әлемнің 19 мықты командаларының арасында 4-ші орынға ілігіп, өз шеберліктерін тағы да растады.

Аралас эстафетаның дәстүрліден айырмашылығы — бұл жарысқа тек екі спортшы (ер және әйел адам) қатысып, кезекпен үш кезеңнен (жалпы саны 6 кезең) өтетіндігінде. Әр кезең 7-9 минутқа алады.

Аталмыш Әлем чемпионатына күшті спортшылардың барлығына дерлігі қатысып жатыр. Олардың арасында үздік бестікке ілігу өте жоғары дәреже болып табылады.

по материалам: mk.gov.kz