Алматыда тоғызқұмалақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті

17.02.2015 09:07 1366

 
 

2015 жылғы ақпанның 9 мен 14 жұлдызы аралығында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті.

Кубок швейцар жүйесі бойынша 7 тур бойынша өткізіліп, оларға республиканың он облысы мен Астана, Алматы қалаларының спортшыларынан тұратын жалпы 12 команда қатысты.

Сайыс қорытындылары бойынша бірінші орында — Ақтөбе облысы, екінші орыннан Қызылорда облысы көрінсе, үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы табан тіреді.

по материалам: mk.gov.kz