Н. Зайцев: Мұражайды өзіміз көтерген едік!

16.02.2015 09:19 1538

 

16 ақпан, 2015. Астана. Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Николай Зайцевтің пікірінше, еліміздің әр аймағында көпұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықтағы өмірін көрсететін бірегей қорық-мұражай салуға болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы этнографиялық музейлердің бірінің құрылу тарихы туралы Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайының директоры Н. А. Зайцев баяндады.

Қазақстанның алғашқы көп бағытты қорық-мұражайы болып табылатын Шығыс Қазақстан этнографиялық музейінің құрамына ХІХ ғасыр соңы-ХХ ғасыр басына жататын тарих және архитектура ескерткіштері, ашық аспан астындағы музей, балалар саябағы, Жамбыл атындағы бос уақыт және демалыс саябағы, солжағалау кешені, ШҚО-да тұрып жатқан ұлттардың 16 үйі, әскери кешен, зоопарк, ботаника саябағы, қолөнершілер қалашығы, «Көгілдір көлі" отбасымен демалу аймағы, «Жібек жолы» саябағы кіреді. 120 га аумақты алып жатқан кешен қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті жеріне айналды.

Николай Алексеевичтің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда қорық-мұражай облыстың көпұлтты мәдениетін зерттеу, дамыту мен насихаттаудың орталығына айналды. Бұл жерде таяу және алыс шет елдердің көрмелері ұйымдастырылып, әйгілі ғалымдардың лекциялары мен айрықша мерекелер мен оқиғаларға арналған шаралар өткізіледі. Музей қорын жалпы саны 60 мыңнан аса нысандар құрайды екен.

Музейдің сәтті жұмысы — әр жұмысшының аянбас жұмысы екендігін хабарлады. «Ірі құрылыс объектілерінен өзге, музейді гүлдендіру, жақсарту мен келушілерге ыңғайлы жағдай жасау бойынша барлық жұмыстарды өз күшімізбен, музей жұмыскерлерінің күшімен атқарамыз», — деді ол.

Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерінің пікірінше, еліміздің әр аймағында көпұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықтағы өмірін көрсететін бірегей қорық-мұражай салуға болады.

«Еліміздің облыстық мұражайларының бұл аймақта табылған нысандар бірегей топтамалары болуы қажет. Олардың астаналық орталық музейлер секілді жоғары деңгейде болуы хақ, өйткені халық өз тарихын, өлкесінің тарихын білуі керек, Елорда музейлеріне келу көптеген тұрғындардың мүмкіндігі бола бермейді", — деді Николай Алексеевич.

Еске салып кетсек, Зайцев Николай Алексеевич — Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайының негізін қалаушы мен директоры. Николай Алексеевич облыс пен жалпы республикалық мұражай ісінің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет», «Парасат» ордендарымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

по материалам: mk.gov.kz