Қазақстандық спортшылардың Ушудан Батыс және Орталық Азияның ІІІ Чемпионатындағы жетістіктері

13.02.2015 09:25 1395

 

 

2015 жылдың 7 және 12 ақпаны аралығында Захедан қаласында (Иран) Ушудан Батыс және Орталық Азияның Чемпионаты өтті. Ушудың Ушу-Саньда және Ушу-Таолу бағыттары бойынша өткен жарыстарда Қазақстан құрамасы бір алтын және үш қола жүлдені қанжығасына байлады.

Ушу-Саньда бағытында қазақстандық Руслан Либиров 70 кг дейінгі салмақ категориясында қарсыластарының арасынан топ жарып, алтын жүлдені мойнына ілді. Ушудың дәл осы түрінде өнер көрсеткен Захар Рябов (90 кг дейін) пен Имаржан Идаллаев (90 кг жоғары) Қазақстан қоржынына бір қола жүлдеден салды.

Қытай өнерінің спорттық түрі болып табылатын Ушу-Таолуда қазақстандық Иданбарыс Жолдасбай ұзын қару тәртібінде үшінші орынға ілікті.

по материалам: mk.gov.kz